08 қыркүйек 2014 13:19

Мәскеуде әуежай маңынан алтын тісі бар бассүйек табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Мәскеуде Внуково әуежайына жақын жерден алтын тістері бар бассүйек табылды, - деп хабарлайды LifeNews. 27 жастағы әйел оны Бурцево деревнясына барар жолдағы орман алқабынан тауып алған.


Мәскеуде Внуково әуежайына жақын жерден алтын тістері бар бассүйек табылды, - деп хабарлайды LifeNews. 27 жастағы әйел оны Бурцево деревнясына барар жолдағы орман алқабынан тауып алған.

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері адамның сары металдан жасалған тістері бар бассүйегін тапты", - деп хабарлады құқық қорғау қызметкерлері. Полицияның мәліметінше, бассүйек Царицынодағы Сот-медициналық сараптамасы бюросының астаналық мәйітханасына жіберілді.

Тәртіп сақшылары бассүйектің кімдікі екенін және оның өлімінің себептерін анықтайтын болады.

Еске сала кетейік, осы жылдың шілде айының соңында Семейде құрылысқа адам сүйектері бар топырақ әкелінген еді. Сүйектерді Ертістегі аспалы көпір ауданының жеке сектор тұрғындары өз үйлерінің маңынан көрген. Заречная көшесінің тұрғындары топырақтың жақын маңдағы коттедждердің бірінің аумағында көріктендіру жұмыстарын жүргізу үшін әкелінгенін айтты, ал оның арасында сүйектердің болуы топырақтың иесіз қорымнан алынғанын көрсетеді.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети