02 наурыз 2014 16:15

Мәскеуде Украинаға әскер кіргізуге қарсы митинг өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Lenta.ru ©Lenta.ru

Ресей әскери жасақтарының Украина аумағына кіруіне наразы топ Мәскеуде РФ Қорғаныс министрлігі ғимаратында алдында ереуіл ұйымдастырды деп хабарлайды Tengrinews.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап. Полиция 15-ке жуық адамды ұстады. Ал жиналғандардың саны 250-ден асады. Олар "Соғысқа жол жоқ!" деп ұрандады. Тәртіп сақшылары ереуілшілерге тарауды ескертіп жатыр. Соғысқа қарсы митинг қала билігімен келісілмеген. Сол себепті ол заңсыздық болып есептеледі. Есесіне, бүгін Украинадағы орыстілді азаматтарды қолдауға арналған шеруге санкция берілген. Ол Гүлзарлы айналым көшесінде өтті. Еске сала кетейік, кеше Ресей парламентінің жоғарғы палатасы Президент Владимир Путиннің Украина аумағында, Қырымда ресей армиясын қолдану туралы бастамасын бірауыздан мақұлдаған болатын. Бұл жағдай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің және Украина Жоғарғы Радасының кезектен тыс отырыс өткізуіне себеп болды, сарапшылар елдегі саяси ахуал күрт нашарлап, ушыға түсті деп алаңдаушылық білдіріп отыр. Қазіргі мезгілде Жоғарғы Рада Қырым мәселесін жабық жағдайда талқылап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети