ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қаңтар 2022 | 17:25
"Моя прекрасная няня" сериалындағы актер Расми Джабраилов қайтыс болды
Кеңестік, ресейлік актер Расми Джабраилов 89 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Маяковский атындағы Мәскеу академиялық театры мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кеңестік, ресейлік актер Расми Джабраилов 89 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Маяковский атындағы Мәскеу академиялық театры мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.
"Ерекше келбетке ие актер жарқын бейнелер топтамасын жасап, нәзік, кейде жиіркенішті, кейде күлкілі образдарды сомдады. Расми Джабраилов сомдаған түрлі кейіпкерлерді бір ортақ қасиет біріктірді. Оның образдарынан адамгершілік қасиет көрініп, әр ролі жарқын шықты", - делінген ұйымның Instagram аккаунтындағы парақшасында.
Ол 1932 жылы 8 желтоқсанда Дағыстанның Қасымкент ауылында дүниеге келген. 1955 жылы Ресей театр өнері институтының актерларды дайындайтын факультетін, ал 1961 жылы режиссерлерді дайындайтын факультетін бітірді. Еңбек жолын Дербенттегі С.Стальский атындағы лезгин драма театрында, Махачкаладағы М. Горький орыс театрында, Избербаштағы О.Батыр атындағы Даргин театрында, сондай-ақ, М. Горький атындағы Тула облыстық театрында жұмыс істеді.
1964 жылдан бастап Таганкадағы Мәскеу театрының актері болып, ал 1993 жылдан бастап "Таганка актерлер достастығында" қызмет етті. 2002 жылдан В.В.Маяковский атындағы Мәскеу академиялық театрына ауысты. Ол "Следствие ведут знатоки", "Одиссея капитана Блада" және "Марш Турецкого", "Моя прекрасная няня", "Люба, дети и завод" сериалдарындағы образдары арқылы қалың көпшілікке танымал.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также