04 сәуір 2014 13:50

Омбы зауытындағы сүтке шомылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vk.com ©Vk.com

РФ Тергеу комитеті Омбы ірімшік зауытынада сүтке шомылғандарға қатысты қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды РИА Новости комитеттің ресми өкілі Владимир Маркинге сілтеме жасап.


РФ Тергеу комитеті Омбы ірімшік зауытынада сүтке шомылғандарға қатысты қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды РИА Новости комитеттің ресми өкілі Владимир Маркинге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, кәсіпорын қызметкерлерінің бірі интернетке шығарған видеодан "жігіттердің сүт ваннасында шомылғаны және антисанитариялық жағдайда ірімшік былғап жатқаны" көрінеді. "Тергеудің нұсқасы бойынша "Сыроедово", "Адыгея" сауда белгілерімен "Чечил" ірімшігін өндіретін сүт өңдеу кәсіпорнында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар өрескел бұзылған", - деді Маркин.

Еске салайық, Омбы ірімшік зауытының қызметкерлері цехтағы сүт толы ваннаға шомылып, сол жерде түсірілген фотосуреттер мен бейнежазбаны интернетке орналастырған болатын. Үстінде ішкиімі ғана бар жігіттердің лас жағдайда ірімшік жасап жатқаны түсірілген бейнежазба көпшіліктің жаппай наразылығын туғызды. 3 сәуір күні зауыт 40 күнге жабылды, мұның алдында "Роспотребнадзор" өндірісті тоқтатуға шешім шығарған болатын.

Сот отырысында прокуратура өкілі Омбы зауыты өнімін тұтынушылардың түрлі жұқпалы ауруларды, соның ішінде, соз жұқтыруы мүмкін екенін айтты. Ал компания қожайыны Аркадий Плетюк өз жұмысшыларының сүтке шомылғанын жоққа шығарды. Оның уәжіне қарағанда, жұмысшылар өндірістік ваннаны жууға арналған ақ түсті технологиялық сұйықтыққа шомылған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети