18 қараша 2014 16:12

Полковник Серік Сұлтанғабиевтің беті бері қарап келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Сұлтанғабиев. ©kp.ru Серік Сұлтанғабиев. ©kp.ru

Ресей полигонында кеудесімен гранатаны жауып, бір сарбазды құтқарып қалған полковник Серік Сұлтанғабиевтің беті бері қарап келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей ІІМ Бас әскери клиникалық госпиталі өкілдеріне сілтеме жасап.


Ресей полигонында кеудесімен гранатаны жауып, бір сарбазды құтқарып қалған полковник Серік Сұлтанғабиевтің беті бері қарап келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей ІІМ Бас әскери клиникалық госпиталі өкілдеріне сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, әскеридің жағдайы қалпына түсіп келеді. "Сауығу процесі жүріп жатыр. Бәрі жоспар бойынша. Ол есін жиды, сөйлеседі, біртіндеп аяғынан тұрып келеді. Дәрігерлер оған операция қажет бола ма, соны анықтауы үшін келесі аптада консилиум болуы керек. (...) Оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", - деді госпиталь мамандары. Сауыққаннан кейін Серік Сұлтанғабиев әскери қызметке жарамды бола ма, жоқ па, ол жағы әзірше белгісіз. "Біз Серік Ғазизұлы жазылып кетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді аурухана өкілдері. 

Еске сала кетейік, 25 қыркүйек күні Свердлов облысындағы полигонда граната жарылған еді. Оқу-жаттығу шарасы кезінде кіші сержант қолынан гранатасын түсіріп алды. Серік Сұлтанғабиев алғашқы секундтарда-ақ әскери қызметшіні итеріп жіберіп, гранатаны кеудесімен бүркемеледі, ол жарықшақтан ауыр жарақат алды. Кіші сержант зардап шеккен жоқ. Тергеушілер оған қатысты қылмыстық іс қозғады. Сұлтанғабиев тікұшақпен ауруханаға жеткізілді. Билік өкілдері оны екі наградаға ұсынғалы отыр - Ерлік ордені және "Спешите делать добро" медалі.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети