10 ақпан 2014 16:06

"Протон" мәселесі Мәскеуге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото madeinpiter.com сайтынан Фото madeinpiter.com сайтынан

Қазақстан мен Ресей "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылатын "Протон" зымырантасығыштардан келетін экологиялық зардапты азайту мәселесін қарастырады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаевқа сілтеме жасап. "Ақпанның 12-13-і аралығында Мәскеуде Қазақстанның қоршаған ортасына түсетін экологиялық зардапты азайту мәселесі бойынша екі елдің бірлескен жұмыс тобының үшінші отырысы өтеді. Онда "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылатын "Протон" зымырантасығыштардан келетін экологиялық қауіп-қатерді төмендету мәселесі де қаралады", - деп атап көрсетті бүгінгі брифирнгте А.Әбибуллаев. Айта кетейік, бұған дейін "Алаш айнасы" газеті жазғандай, биыл "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылатын "Протон-М"-ның саны азая түскен. Басында 14 болады десе, қазір зиянды отынмен ұшатын ғарыш аппараттарының саны 10-ға дейін төмендеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети