20 сәуір 2014 15:24

Путин Кеңес одағын қайта қалыптастыруды армандайды - Яценюк

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арсений Яценюк. Фото РИА Новости© Арсений Яценюк. Фото РИА Новости©

 Ресей президенті Владимир Путин Кеңес одағын қайта қалыптастыруды армандайды. Бұл туралы Украинаның премьер- министрі Арсений Яценюк NBC телеарнасының  "Meet the Press" бағдарламасының эфирінде айтты, деп хабарлайды  Tengrinews.kz.


 Ресей президенті Владимир Путин Кеңес одағын қайта қалыптастыруды армандайды. Бұл туралы Украинаның премьер- министрі Арсений Яценюк NBC телеарнасының  "Meet the Press" бағдарламасының эфирінде айтты, деп хабарлайды  Tengrinews.kz.

 Бағдарламаның жүргізушісі Дэвид Грегори Ураина премьер министрінен Путиннің "Украиндықтар мен орыстар - түбі бір халық. Кезінде Украинаның оңтүстік бөлігі "Новороссия" деп аталған" деген сөзіне пікір білдіруді сұраған болатын. Осы сауалға Яценюк "Путин Кеңес одағын қайта қалпына келтіруді армандайды. Және күннен күнге осы ойын жүзеге асырғысы келеді. Оның қашан қалай тоқтайтыны белгісіз" деп жауап берді. 

Айта кету керек Путин 2014 жылдың 18 наурызында Федералдық Кеңесте сөйлеген сөзінде "түбі бір халық" туралы айтқан болатын. Кейіннен 2014 жылдың 17 сәуірінде телекөпірде "Новороссия" туралы айтты. Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 17 сәуірінде өткен дәстүрлі "тікелей эфирде" Путин: "Украина дағдарыстан шығу үшін оның ішіндегі саяси күштер бір мәмілеге келуі керек. Ол үшін ең алдымен Украинаның оңтүстігі мен шығыс бөлігіндегі халықтың көзқарасына назар аударғандары жөн. Бұл аймақ кезінде Новороссия деп аталған. Кейіннен бұл өңір Ресей қарамағынан кетсе де, ондағы халық сол аймақты мекендеп қалды" деген еді. 

"Украина Үкімет басшысының айтуынша Ресей көшбасшысының өзі ойлап тапқан мақсатына жету үшін қандай әрекеттерге баратынын белгісіз. Ол Кеңес одағының ыдырауын XX ғасырдың ең үлкен қасіреті деп атаған болатын. Меніңше, егер Кеңес одағы қайта қалпына келетін болса, қазіргі заманның ең үлкен қасіреті осы болмақ", дейді Яценюк. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети