03 наурыз 2014 09:04

Путин мен Меркель Қырымға ЕҚЫҰ-ны тартуға келісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ресей президенті Владимир Путин мен Германия канцлері Ангела Меркель телефон арқылы Қырымдағы жағдайды талқылады. Ресей басшысы ЕҚЫҰ аясында арнайы топ құрып, аймақтағы жағдайды тексеруге келісті" деп хабарлайды Tengrinews.kz Lenta.ru ақпарат құралына сілтеме жасап. Германия үкіметінің өкілі Георг Шрайтер "Путин Қырымдағы жағдайды саяси диалог арқылы шешуге келісімін берді" деп мәлімдеді. Мәселенің толық мән-жайы қазірге анық емес. Әңгіме барысында Меркель Путинді Украинаға "интервенция жасамау" туралы халықаралық келісімді бұзды" деп айыптап, Ресей басшысын Украинаның аймақтық бірлігіне құрметпен қарауға шақырды. Өз кезегінде Путин Ресей тарапынан қолданылған шаралардың "ерекше жағдайға" сай жасалып отырғанын айтты дейді Кремл сайты. Естеріңізге салсақ, 1 наурыз күні Ресей Федералдық Кеңесі президент Владимир Путинге Украинадағы қоғамдық-саяси жағдайды қалпына келтіру үшін ресейлік қарулы күштерді сол ел аумағында пайдалануға рұқсат етуге бірауыздан дауыс берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети