03 қыркүйек 2014 21:39

Путин Порошенкоға жеті пункттен тұратын бейбітшілік жоспарын ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Путин. © REUTERS Владимир Путин. © REUTERS

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин украиндық әріптесі Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесіп, жеті пункттен тұратын Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды тұрақтандыру жоспарын ұсынды. Бұл туралы журналистерге Ресей президентінің өзі мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин украиндық әріптесі Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесіп, жеті пункттен тұратын Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды тұрақтандыру жоспарын ұсынды. Бұл туралы журналистерге Ресей президентінің өзі мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

1. Украинаның оңтүстік-шығысындағы Донецк пен Луганск бағытындағы қаруланған сарбаздардың белсенді шабуылдаушы қарулы күштерінің операциясын доғару.

2. Украинаның қаруланған күштік құрылымдары бөлімшелерін қарапайым халқы бар аумақты артиллериямен, барлық атқыш жүйе түрлерімен атқыламас үшін керіге шегіндіру.

3. Қауіпсіздік аумағын қалыптастыруда атыс-шабысты доғару шарттары халықаралық бақылауға толыққанды көрініп, әділ бағасы берілетіндей жағдай туғызу.

4. Шиеленісті аумақтағы халыққа, бейбіт тұрғындарға қарсы әуе күшін қолданбау.

5. Қандай да бір қосымша шарттарсыз "барлығын барлығына" деген нұсқада күштеп ұстап отырғандарды айырбастауды ұйымдастыру.

6. Донбасс-Донецк және Луганск облыстарының халық көп шоғырланған аумақтарына және қалаларға гуманитарлық жүкті жеткізу және одан босқындарды алып шығу үшін гуманитарлық дәліз ашу.

7. Донбастың зардап шеккен халқына көмектесу үшін ондағы бұзылған әлеуметтік және өмірге маңызды құрылымдар мен нысандарды қалпына келтіруге қажетті күрделі жөндеу бригадасын жіберу мүмкіндігін қарастыру.

Путиннің сөзіне қарағанда, қантөгісті доғарып, жағдайды тұрақтандыру үшін "шиеленісуші қос тарап осы жоспар ережелерін бірге мақұлдап, жүзеге асыруы тиіс".

Ресей Федерациясының президенті Киевпен және Украинаның оңтүстік-шығысы өкілдерімен 2014 жылдың 5 қыркүйегіне белгіленген жұмысшы топтар кездесуінде түйінді келіссөзге келу мүмкіндігі барын айтты.

Еске сала кетелік, сәрсенбіде Путин мен Порошенко бейбітшілік орнатуға ықпал ететін бірқатар қадам жасауға уағдаласып телефонмен сөйлесті. Бұл келіссөзге түсініктеме берген Порошенконың баспасөз қызметі алдында "атыс-шабысты түбегейлі тоқтату" туралы айтқан еді. Алайда кейіннен Украина президентінің сайтында бұл мәтін өзгертіліп, "Донбаста оқ атуды доғару режимі" туралы келісімге қол жеткіздік деп нақтылап жазылды.

Өз кезегінде Путин әкімшілігі "президенттер атыс-шабысты доғаруға ықпал ететін қадамдарды талқылады, Ресей шиеленісуші тарап болмағандықтан қандай да бір келісімге келмеді" деп мәлімдеді.

Украина ҰҚҚК басшысы Андрей Лысенконың айтуынша, Порошенко мен Путин келіссөзіне қатысты кеңейтілген түсініктемені Украина президентінің әкімшілігі кейінірек береді.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети