Путин: Ресей империя құрғысы келіп отырған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путин: Ресей империя құрғысы келіп отырған жоқ Владимир Путин тікелей эфир сәтінде. ©РИА Новости

Ресей империя құрғысы келіп отырған жоқ. Мұндай мәлімдемені Ресей федерациясының президенті Владимир Путин халықпен тікелей эфирдегі желіде айтты. Тікелей эфирді Tengrinews.TV ресурсынан көре аласыздар.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей империя құрғысы келіп отырған жоқ. Мұндай мәлімдемені Ресей федерациясының президенті Владимир Путин халықпен тікелей эфирдегі желіде айтты. Тікелей эфирді Tengrinews.TV ресурсынан көре аласыздар.

"Біз өз көршілеріміз Қазақстанмен және Беларусьпен Еуразиялық экономикалық одақ аясында қарым-қатынастарды дамытып жатырмыз. Бұл бірігудің мәні неде - өзімізге тартуда емес, жоқ. Оның мәні біздің елдердегі азаматтардың жақсы өмір сүруінде, шекаралардың ашық болуында... Қазірдің өзінде бізде осындай қарым-қатынас Армениямен және Қырғызстанмен құрылып жатыр", - деп мәлімдеді Владимир Путин.

Сонымен қатар, Ресей президенті сәйкес сұраққа жауап беріп жатып, Ресей мен Украинаның соғысы мүмкін емес екенін мәлімдеді. "Мұның мүмкін емес екенін айтамын", - деді Владимир Путин "Тікелей желі" кезінде. Ол украин снарядтарының Ресей территориясына жеткеніне байланысты эксцестердің болғанын ескертті. "Бірақ мұнда да бұл жағдайдың кездейсоқтыққа, қайғылы оқиғаға жатқызылатынын, бірақ оны біздің азаматтарымызға немесе инфрақұрылым нысандарымызға қандай да бір зиян келтіру әрекеттеріне жатқызбайтынымызды айтқым келеді", - деді президент.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети