09 қаңтар 2016 10:31

Ресей ауруханасында дәрігер емделушіні камера алдында ұрып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

Жантүршігерлік оқиға Белгород қаласындағы №2 ауруханада болды. Терапия бөлімшесінің дәрігері мейірбикеге тиіскені үшін емделушіні ұрып өлтірді. Бұл туралы "360 Подмосковье" телеарнасы хабарлап отыр.


Жантүршігерлік оқиға Белгород қаласындағы №2 ауруханада болды. Терапия бөлімшесінің дәрігері мейірбикеге тиіскені үшін емделушіні ұрып өлтірді. Бұл туралы "360 Подмосковье" телеарнасы хабарлап отыр.

29 желтоқсанда болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан дәрігер әйелдің емделушіні тексеріп отырғанын көруге болады. Сол сәтте кабинетке жас қызды еріткен дәрігер кіріп келеді. Ер адам емделушіге кенеттен күш көрсетіп, соққыға жықты. Емделуші басына тиген қатты соққыдан құлап қалды, дәрігерге қарсылық көрсетпекші болған емделушінің жолдасы да соққының астында қалды.

Бірнеше уақыттан кейін бөлмеде болған әйелдердің бірі емделушінің көгеріп кеткенін аңғарады. Осы кезде "қызба" дәрігер емделушіге көмек көрсетпекші болды, дегенмен ол емделушінің өмірін құтқарып үлгермеді.

Роликті Интернетке жүктеген қолданушы емделушінің мейірбикені ренжіткенін, сондықтан да дәрігердің мәселені күш көрсету арқылы шешпекші болғанын хабарлады.

Ескерту! Роликте зорлық көрсету белгілері бар!

LifeNews телеарнасының мәліметінше, Тергеу комитетінің қызметкерлері агрессивті дәрігердің үстінен қылмыстық іс қозғады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети