28 наурыз 2014 22:19

"Ресей" шетелдік валютадан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: David Paul Morris/Bloomberg Фото: David Paul Morris/Bloomberg

"Ресей" банкі шетелдік валютадан бас тартты және шетелдік нарықта жұмыс істемейтін болды. Қаржы мекемесі тек Ресей ішінде рубльмен ғана жұмыс істемек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz


"Ресей" банкі шетелдік валютадан бас тартты және шетелдік нарықта жұмыс істемейтін болды. Қаржы мекемесі тек Ресей ішінде рубльмен ғана жұмыс істемек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Бұл банк клиенттерін шетелдік қаржы институттарының келеңсіз әрекеттерінен сақтау үшін жасалынып отыр" делінген 28 наурызда банк сайтына шыққан мәлімдемеде. 

Банк америкалық банктерге корреспонденттік есепшоттарды жабу туралы ескерту жіберді. Осындай ескертулер алдағы уақытта басқа да шетелдік қаржы мекемелеріне жіберілмек. Бұл өзгеріс банк клиенттері мен оның серіктестеріне еш әсер етпейді. "Ресей" банкі ұлттық төлем жүйесін енгізбек. 

Шетелдік БАҚ-тың жариялауынша Банк Ресей президенті Владимир Путинмен тығыз байланыста көрінеді. АҚШ-тың Ресейге жариялаған экономикалық санкцияларында "Ресей" және тағы бірнеше банк қара тізімге ілінген болатын.

Visa және MasterCard төлем жүйесі бұл банктерге қызмет көрсетуден бас тартты. Естеріңізге сала кетейік, батыстың санкцияларына қарсы Владимир Путин және ресейлік ірі энергетикалық компаниялардың топ-менеджерлері "Ресей" банкінен шот ашуға шешім қабылдады. Ресей болашақта өздерінің төл төлем жүйесін енгізбек. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети