07 шілде 2014 18:27

Ресейде "Булгария" апатына кінәлілер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Булгария" теплоходы. ©РИА Новости "Булгария" теплоходы. ©РИА Новости

"Булгария" теплоходы апатына жауапты тұлғалар 11 жылға дейін жаза арқалады, - деп хабарлайды РИА Новости. Қазанның Мәскеу аудандық соты ең үлкен жаза мерзімін кемені жалға алушы компания - "АргоРечТур" ЖШҚ бас директоры Светлана Инякинаға тағайындады.


"Булгария" теплоходы апатына жауапты тұлғалар 11 жылға дейін жаза арқалады, - деп хабарлайды РИА Новости. Қазанның Мәскеу аудандық соты ең үлкен жаза мерзімін кемені жалға алушы компания - "АргоРечТур" ЖШҚ бас директоры Светлана Инякинаға тағайындады.

"Булгария" теплоходы капитанының бірінші көмекшісі Рамиль Хаметов 6,5 жылға сотталды. Ресей көліктік бақылау федералдық қызметі Еділ мемлекеттік теңіз және өзен көлігін бақылау басқармасының Қазан желілік бөлімінің бастығы Ирек Тимергазеев алты жылға, ал осы бөлімнің мемлекеттік инспекторы Владислав Семенов бес жылға бас бостандығынан айырылды. Өзен көлігін тіркеу федералдық қызметі Кама филиалының аға сарапшысы Яков Ивашовқа да бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылғанымен ол рақымшылыққа ілігіп, сот залынан босатылды.

Теплоход апаты салдарынан туыстарынан айырылғандар сот үкімімен келіспей отыр. Олардың айтуынша, жаза тым жеңіл. Апат кезінде ұлынан айырылған Геннадий Игнарин Ивашов трагедияның алдын алар еді, бірақ ол ол өз міндетін орындамады деп есептейді. Жәбірленуші тараптың тағы бір өкілі - ұлы теплоходпен бірге суға батып кеткен Гүлнара Назарова Ивашов рақымшылыққа ілікпеуі керек деп мәлімдеді. Еске сала кетейік, "Булгария" теплоходы 2011 жылдың 10 шілдесінде Татарстандағы Куйбышев суқоймасында найзағайлы дауыл кезінде суға батып кеткен еді. Апат кезінде 122 адам опат болды, оның ішінде капитан Александр Островский де бар.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети