04 маусым 2014 15:37

Украинаның оңтүстік-шығысы Ресейге қосылмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Путин. ©РИА Новости Владимир Путин. ©РИА Новости

Украинаның оңтүстік-шығысы Ресейге қосылмайды - Владимир Путин осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости. 


Украинаның оңтүстік-шығысы Ресейге қосылмайды - Владимир Путин осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости. 

Оның айтуынша, Ресей ешқашан Украинадағы ахуалды тұрақсыздандыруға тырысқан емес. Ол бұл елде ешқандай ресейлік әскерилердің жоқ екенін атап өтті.

"Украинаның оңтүстік-шығысында ешқандай әскери күш, ешқандай ресейлік нұсқаушы жоқ", - деді Ресей президенті журналистерге. 

Путиннің пікірінше, Украина үкіметі өз халқымен диалог орнатуы тиіс және мұны танкілер мен ұшақтарды пайдалана отырып емес, келіссөздердің көмегімен іске асырған дұрыс. Журналистердің сауалына жауап берген президент қай жерде өмір сүретініне қарамастан, адамдар құқығының қорғалуға міндетті екенін айтты. 

Еске салайық, Киев билігі сәуір айының ортасынан бері Украинаның оңтүстік-шығысында наразылық қозғалыстарын басу үшін арнайы операция жүргізіп жатыр. Мәскеу бұл операцияны жазалау шарасы деп бағалап, тез арада тоқтатуды талап етті. Бұл елде 22 ақпанда мемлекеттік төңкеріс болған еді. Киев орталығындағы көпкүндік қақтығыстан соң ел президенті Виктор Янукович биліктен аластатылды. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети