23 сәуір 2014 21:53

Волочковға жезөкшелікпен айналысты деген айып тағылды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анастасия Волочкова. Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған Анастасия Волочкова. Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған

"Ресейлік 38 жастағы танымал балерина Анастасия Волочковға "жезөкшелікпен айналысты" деген айып тағылып, үстінен іс қозғалды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz Heat.ru сайтына сілтеме жасап.


"Ресейлік 38 жастағы танымал балерина Анастасия Волочковға "жезөкшелікпен айналысты" деген айып тағылып, үстінен іс қозғалды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz Heat.ru сайтына сілтеме жасап.

Басылымның қарауына Волочковаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс құжаты түскен. Өтініш беруші адвокат С.В.Жорин. "Адвокат Жорин ұсынған мәліметтерге қарағанда, 16 сәуір күні сағат 23:00 шамасында Волочкова телефонмен сөйлесу кезінде белгілі сыйақығы жезөкшелік қызмет көрсететінін айтқан. Осыған орай, Волочковаға қатысты РФ Әкімшілік Кодексінің 6.11 бабымен іс қозғалған" делінген құжатта. Түсінік беру үшін Волочков 5 мамыр күні полицияға баруы тиіс.

Басылымның мәліметіне қарағанда, Ресей заңында жезөкшелік қызмет көрсеткені үшін қылмыстық жаза қарастырылмаған. Алайда, егер Волочкова айыпты деп танылатын болса, оны айыппұлдан да қорқынышты жаза күтіп тұруы мүмкін. Ол айыппұл төлеп қана қоймай, бұл әрекеті оның ата-аналық міндетін мүлтіксіз орындауға кесірін тигізбейтінін дәлелдеуі керек.

Естеріңізге сала кетсек, Волочкова кәсіпкер Игорь Вдовин екеуінің арасындағы некеден туған 8 жасар Ариадна есімді қызын тәрбиелеп отыр. Енді қамқоршылық органы "анасының мұндай әрекеті баланың жан-дүниесінің саулығына, болашақта моралдық бетбейнесінің қалыптасуына кері әсері етпей ме?" деген сауалға жауап беруі тиіс.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети