03 маусым 2014 15:21

125 балл жинаған түлек өзінің құпиясымен бөлісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айганым Абдижапар. Жеке мұрағатынан Айганым Абдижапар. Жеке мұрағатынан

Алматыдағы №178 мектеп-лицейдің оқушысы Айғаным Әбдіжаппар ҰБТ-да125 балл жинаудағы өзінің құпиясымен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматыдағы №178 мектеп-лицейдің оқушысы Айғаным Әбдіжаппар ҰБТ-да125 балл жинаудағы өзінің құпиясымен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айғанымның айтуынша тек 11 сыныпта ғана тест жаттамай, мектепке алғаш барғаннан бастап бітіргенге дейін жақсы оқу керек. "Әрине, басынан бастап мектепте жақсы оқу да оңай емес. Тестте барлық пәндер бойынша күрделі де, жеңіл де сұрақтар болды. мен "Алтын белгінің" үміткерімін. Бесінші пән ретінде геаграфияны таңдағанмын. Шпаргалка қолданған жоқпын, бұл шыным. Сұрақтардың барлығы өзім оқыған, жаттаған дүниелер. Барлық пәнді бір жылда оқып, миға тоқып алу мүмкін емес, 5 сыныптан бастап оқытылған пәндердің барлығын 11 сыныпта қайталап қарап шықтым. Математика пәнін бір жылда меңгере алмайсың. Мен Алматыдағы оқу орындарының бірінде экономика факультетін таңдаймын", дейді түлек. 

Сондай-ақ Айғаным өзінің ғаламторда аз отыратынын, ҰБТ-ға дайындық кезінде уақытша барлық аккаунттарын өшіріп тастағанын, тек WhatsApp қолданатынын айтты. 

Мектеп бітіруші түлектің анасының айтуынша, барлық отбасы мүшелері  Айғанымның ҰБТ-да жоғары балл алатынына сенімді болған. "Меніңше, Айғанымға ҰБТ-да жоғары балға қол жеткізу аса қиынға түскен жоқ. Өйткені ол 1,5 жыл бойы сабақтан бас алмай дайындалды. "Алтын белгі" аламын деп мақсат қойған болатын, мақсатына жетті, сенімімізді ақтады. Ол тесттен шыққанша қатты алаңдап, толқып тұрдық. Алайда Айғаным тесттен көңілді шыққанына қарап, көңіліміз орнына түсті", дейді анасы. 

ҰБТ Қазақстанда 2 маусым күні басталды, 8 маусымға дейін жалғасады, оған 92077 түлек қатысады. Емтиханның алғашқы күні ең жоғарғы балды алматылық түлек Айғаным Әбдіжпаппар алды. 2 маусым күні ҰбТ-ға 26 134 түлек қатысты. Олардың 3797-сі (14,5 пайыз) 100-ден жоғары балл жинаған. ҰБТ-ның алғашқы күнгі орташа балы 76,6. Ал 6233 түлек 50-ден төмен балл алды. Сондай-ақ ҰБТ кезінде   5 962,  1783 шпаргалка, 121 калькулятор, 6 фотоаппарат, 2 рация тәркіленді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети