03 тамыз 2016 09:08

"Adidas киген" 1500 жастағы мумияның құпиясы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© siberiantimes.com © siberiantimes.com

Ғалымдар Моңғолияның Алтай тауларынан табылған 1500 жастағы әйел мумияның құпиясын ашты, Ол Adidas фирмасының спорттық аяқ киіміне ұқсас киіммен табылған еді. Ховд қаласының музей директоры REN-TV тілшілеріне мумияның аяқ киімінің қазіргі бренд шығаратын өнімдермен еш байланысы жоқ, бұл түркілердің ежелдегі ұлттық киімі екен. 

"Бұл ұлттық киім, өте ашық. Соған қарағанда, әйел оны өзі жасап алған", - деп келтіреді телеарна тілшісі музей директорының сөзін.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мумия Улан-Батордағы Мәдени орталыққа жеткізіліпті. Сол жақта ол экспонат ретінде қойылады екен. 

Еске салайық, Археологтар Алтай тауларынан Adidas өнімдеріне ұқсас аяқ киім киген, 1500 жыл бұрын өмір сүрген мумия тапқан болатын. Музей өкілінің айтуынша, мумия бір жарым мың жыл бұрын өмір сүрген адамға тиесілі, ол 2800 метр биіктікте жерленіпті, сондықтан мумия жақсы сақталған. Мумияның суреті Интернетте жарияланғаннан кейін қолданушылар табылған әйелдің уақыт машинасымен саяхаттаған болуы мүмкін деген пайым жасаған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети