30 маусым 2015 06:53

Алматыда ҰБТ-ға байланысты тағы бір дау шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"31 арна" кадры ©"31 арна" кадры

Алматы қаласының Жетісу аудандық мектептеріндегі оқушылардың ата-аналары қоғам белсенділерінен кешірім сұрауды талап етіп отыр. Оған ҰБТ кезінде телефонмен және шпаргалкамен отырған балалар бейнеленген сурет себеп болды, - деп хабарлайды "31 арна".


Алматы қаласының Жетісу аудандық мектептеріндегі оқушылардың ата-аналары қоғам белсенділерінен кешірім сұрауды талап етіп отыр. Оған ҰБТ кезінде телефонмен және шпаргалкамен отырған балалар бейнеленген сурет себеп болды, - деп хабарлайды "31 арна".

Осыған дейін тілшілердің қолына Алматының ҰБТ тапсыру пункттерінің бірінде түсірілді делінген сурет түскен болатын. Суреттерде оқушылардың емтихан барысында телефон қолданып, бір-бірімен сөйлесіп отырғаны көрінген. Алайда, ата-аналары мұны жоққа шығарып отыр. Олардың айтуынша, ешқандай да байланыс құралы аудиторияға кіргізілмеді, ал еденде жатқан қағаздар шпаргалка емес, дамқыл сүрткіштер мен шимайлар.

"Біздің балалар телефонсыз. Оларды аудиторияға қалай алып кіргеніне біз жауап бере алмаймыз, яғни осыған жауап беретін құзырлы орган. Онда кітапшалар мен шпаргалкалар болды. Бірақ бізге, ата-аналарға ақша беріп қойған деп жала жапты. Біз ешқандай да ақша берген жоқпыз, тіпті бұл туралы сөз де болған жоқ", - деп мәлімдеді оқушылардың бірінің ата-анасы.

Айта кетейік, Алматының кейбір мектептерінде түлектерден ҰБТ кезінде 10 мыңнан 40 мың теңгеге дейінгі көлемде ақша жиналған болатын. Бұған дейін мұны "Ұлағатты жанұя" қоғамдық қорының президенті Марианна Гурина мәлімдеген еді. Оның мәліметі бойынша, түлектерге аудиторияға ұялы телефондарды қитұрқы айла арқылы алып өтуге мүмкіндік берілген: құрылғыны фольгамен орап, оны мүшеқапқа салу дерегі. Металл танитын құрылғылар, оның айтуынша, құрылғыны таба алмаған. "Балаларға көшіруге мүмкіндік берілді: мектеп рейтингі, қала рейтингі үшін. Олардың ҰБТ-дағы нәтижелерін жоюды ешкім сұрап отырған жоқ. Мұнда мәселе Білім беру басқармасының ары мен намысында. Мемлекеттік қызметкерлің кодексі бар", - деп мәлімдеді Гурина.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети