"Аполлон-16" ғарыш бағдарламасының қатысушысы, америкалық астронавт Чарльз Дьюк 1972 жылдың 20 сәуірінде Айдың бетіне ең жас астронавт ретінде аяқ басты. Америкалық Айдың бетінде біреу-міреу таба ма деген үмітпен өз жанұясының суретін қалдырған, - деп хабарлайды Oane.ws.

Басылымның мәліметінше, ол суретте әйелімен және екі ұлымен тұр. Суреттің артқы бетінде астронавт былай деп жазған: "Бұл Жер ғаламшарынан келген астронавт Чарли Дьюктің жанұясы, ол 1972 жылдың 20 сәуірінде Айдың бетіне қонды".
Ол бұл әрекетін жанұясымен ұзақ уақыт көріспегеннен кейін өзінің отбасын виртуал түрде Айға әкетуге уәде бергендігімен түсіндірді. Термоқапқа салынған фотосурет Жердің жасанды серігінің бетіне түскенде Дьюк оны суретке түсіріп алыпты. Осылайша ол жанұясының суретінің шын мәнінде Айдың бетінде қалғанын дәлелдеп отыр. Алайда бұл оқиғадан 43 жыл өткенде Айдың бетінде жатқан бұл фотосуретті спутниктер арқылы көру мүмкін емес екен.