11 наурыз 2014 17:59

Білім министрлігі оқулықтардың салмағын жеңілдетпек

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

"Білім және ғылым министрлігі қазақстандық оқушыларға арналған оқулықтардың салмағын азайтуға бағытталған шаралар қабылдауды жалғастырмақ" деп хабарлайды Tengrinews.kz Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап. "Қазірде мектеп оқушылары оқулықтарының салмағы жеңілдету бағытында жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін отандық оқулықтар жұмсақ жылтыр мұқабада әзірленіп, шығарылуда. Оқулықтарды жарты не болмаса төрттен бірге бөліп есептеп шығару жұмыстары жүргізілуде" дейді Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев. Вице-министрдің айтуынша, елдегі жалпы білім беретін мектептер үшін оқулықтардың салмағы бойынша санитарлық-гигиеналық талаптары Ресей, Беларус, Украина нормаларына сай келеді. Бұл норма бастауыш сыныптар үшін - 300, 5-6 сыныптарға - 400, 7,9 сыныптарға - 500 грамм. Сондай-ақ, Білім министрлігінің деректері бойынша, Англия мен Сингапурде 1-4 сынып аралығындағы оқушылардың оқулығы 185-245 грамм, 5-8 сынып оқушыларының оқулығы 400 грамм, 9-12 сыныптардың оқулықтары 265 грамм. Бұған қоса вице министр болашақта отандық авторлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында халықаралық баспалармен тәжірибе алмасу ісі де артатынын мәлім етті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети