28 мамыр 2014 16:48

Депутат ҰБТ-ны өзгертуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tengrinews иллюстрациясы ©tengrinews иллюстрациясы

Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру ережелерін өзгертуді ұсынды. Осыған орай, ол Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру ережелерін өзгертуді ұсынды. Осыған орай, ол Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгінде мемлекеттік грантты беру үшін жоғары оқу орнына түсуге қажетті білім мен кәсіби дайындықтың деңгейін анықтап алған дұрыс. Мектеп түлегінің логикалық ойлау қабілеті қандай? Ол қиын жағдайда шешім қабылдай ала ма? Оған қоса, түлек өз мамандығы бойынша көп нәрсені білуі тиіс. Біздіңше, ұлттық тестілеуде ашық сұрақтар да болуы қажет. Соның арқасында жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірген жастың жеке ұстанымын білуге болады. Ол арқылы тест сұрақтарына болжаммен жауап беруді доғарып, білім сапасын көтеруге мүмкіндік бар", - дейді Т.Өмірзақов.

Депутаттың сөзіне қарағанда, ондай тәжірибе көрші Ресей, Ұлыбритания, АҚШ сияқты елдерде кеңінен қолданылады. Сондай-ақ ол тестілеудің нәтижесі бойынша апелляциялық шағым беру уақытын екі күнге дейін ұзартуды ұсынып отыр. Бүгінде ондай арыздар ертесінде сағат 14:00-ге дейін қабылданады. Ал апелляцияны ұзартудың арқасында ата-аналар мен жас түлектер қосымша уақытқа ие болып, жан-жақты ойланып алуға мүмкіндік алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети