08 маусым 2015 15:18

Елорданың 99 түлегі "Алтын белгіні" ақтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©astana.gov.kz ©astana.gov.kz

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу өз мәресіне жетті. Астана қаласында ҰБТ-ға 3399 мектеп бітіруші қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.


Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу өз мәресіне жетті. Астана қаласында ҰБТ-ға 3399 мектеп бітіруші қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.

"Атап өтейік, елорданың 99 түлегі тестілеуді сәтті тапсырып, "Алтын белгі" иегері атанды. Астана қаласының №59 орта мектебінің түлегі Риана Мустафина ең жоғары 125 балл жинады. Ал №10 және №70 орта мектептердің екі түлегі 124 баллдан алды", - делінген хабарламада. Ұлттық бірыңғай тестілеудің Астана қаласы бойынша орташа көрсеткіші - 86,26 балл.

Еске сала кетейік, ҰБТ Қазақстанда осымен 12-ші рет өткізіліп отыр. Тестілеу таңдау пәнін қоса алғанда 5 пән бойынша тапсырылды, сондай-ақ 3,5 астрономиялық сағатқа жалғасты. Биылдан бастап аттестатқа ҰБТ шеңберінде тапсырылған жалпы білім беру пәндері бойынша жылдық бағаны есептей келе, орташа арифметикалық баға қойылатын болды. Бұдан бөлек, тестілеу нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланды, сайттағы нәтижені оқушының жеке сәйкестендіру номері арқылы білуге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети