24 мамыр 2015 21:52

"Игры разума" фильмінің кейіпкері математик Джон Нэш жол апатынын қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық математик, Нобель сыйлығының лауреаты Джон Нэш жол-көлік оқиғасынан қайтыс болды, - деп хабарлайды ABC. Оның өмірі жайлы "Игры разума" фильмі түсірілген болатын.


Америкалық математик, Нобель сыйлығының лауреаты Джон Нэш жол-көлік оқиғасынан қайтыс болды, - деп хабарлайды ABC. Оның өмірі жайлы "Игры разума" фильмі түсірілген болатын.

Джон Нэш әйелі Алисиямен бірге Нью-Джерсиде жол-көлік оқиғасынан қаза болды. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болғандар қауіпсіздік белбеуін тақпаған, себебі көлік қоршауға соғысқанда маңдай терезеден ұшып кеткен. Джон Нэш 86 жаста, ал оның әйелі 82 жаста еді. 

Джон Нэш Нобель сыйлығын 1994 жылы "Ұжымдық емес ойындардың теориясындағы теңдік сараптамасы үшін" алған. Оның шизофрениямен күрескен өмірі жайлы "Игры разума" биографиялық фильмі 2001 жылы түсірілді. Басты рольде Рассел Кроу ойнаған болатын. Актер Twitter желісіндегі парақшасында марқұмның отбасына көңіл айтты. "Абдырап қалдым... менің ойларым қазір Джонмен, Алисиямен және оның туыстарымен бірге. Керемет жұп. (...)", - деп жазды Кроу.

Айта кетейік, 2011 жылы Джон Нэш Астанаға келіп, V Астана экономикалық форумына қатысқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети