20 қаңтар 2014 15:19

Қазақ ғалымы әлемде шешімі жоқ есепті шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет enu.kz сайтынан алынған Сурет enu.kz сайтынан алынған

Қазақ Ұлттық академиясының академигі Мұхтарбай Өтелбаев "мыңжылдық мәселесі" деп аталатын әлемде шешімі жоқ жеті есептің алтыншысын шешті деп мәлімдейді Еуразиялық ұлттық университеті сайтына сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі. Сайттағы ақпаратта Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің Еуразиялық математикалық институтының директоры Мұхтарбай Өтелбаев "Навье-Стокс" теңдеуінің мықты шешімі барлығы" туралы ғылыми жұмысын аяқтап, оны баспасөзде жариялаған делінеді. Университет сайтындағы дәйекке сенсек, бұл еңбектің "мыңжылдық проблемасы" деп аталатын әлемдегі жеті ең күрделі математикалық есепке тікелей қатысы бар. 2000 жылдың басында Клэя институты осы математикалық проблеманы шешкеннің әрқайсысына 1 миллион АҚШ доллары көлемінде жүлде ұсынатындығын жариялаған еді. Бүгіндері мыңжылдықтың жеті проблемасының тек біреуі ғана шешіліпті (Пуанкаре гипотезасы). Филдс сыйлығы осы есеп шешімін тапқан ресейлік ғалым Григорий Перельманға бұйырған еді. Алайда, Перельман атақты қанағат ететіндігін, ал ақшалай сыйлықтан бас тартатындығын мәлімдеген. Мұхтарбай Өтелбаев - 2002 жылғы "Алтын адам" ("Ғылым" номинациясы бойынша Қазақстанның жыл адамы) конкурсында "Жылдың ғылыми қайраткері" атағының, ғылым мен техниканы дамытуға айырықша үлес қосқан ғалым мен мамандарға тағайындалатын мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының "Ғылым және технология" номинациясы бәйгесінің лауреаты, Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы "Жоғары оқу орынның ең үздік ұстазы" грантының, Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері. Клэя атындағы математикалық институттың сайтында Навье-Стокс теңдеуінің әлі шешімі табылмағандығы анық көрсетілгенін баса айта кетелік.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети