05 ақпан 2014 18:28

Қазақстан ғалымы мәңгілік жастықтың құпиясын ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шухрат Миталипов. Фото - Дмитрий Хегай© Шухрат Миталипов. Фото - Дмитрий Хегай©

АҚШ-та жұмыс істейтін Қазақстан ғалымы Шухрат Миталипов мәңгілік жастықтың құпиясын ашты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. Соңғы алты жылда генетик эмбрионды тін жасушаларын клондаумен айналысқан. Ол өзінің технологиясы қартаюды тежеп қана қоймай, оны басқаруға да мүмкіндік береді деп санайды. Орегонның ғылым мен денсаулық университетінің профессоры Миталипов адам жасушасы жұмыртқасымен және эмбриондарымен сынақ жасауға лицензия алған алғашқы ғалым екенін баса айта кетелік. Қазақстан тумасы түрлі ткандерді, мәселен бұлшық еттерді, сүйекті немесе нейрондарды өсіру үшін дифференциаланған жас жасушалармен жұмыс істейді. Олар жас эмбриондарда болады, үлкендердің ағзасынан оны тек жұлын сұйықтығынан табуға болады. Миталипов қартаю немесе науқастану кезінде ағзаның бірқатар жасушасы өз қызметін доғаратынын, бірақ оларды жаңасымен алмастыруға болатынын айтады. Мәңгілік жастықтың құпиясы да осында. Бірақ ғалымдардың бұл тәсілді қолдануы үшін тін жасушаларын "бағдарламалауды" білуі керек екен, яғни олардың дамуын бақылауды. Сондай-ақ үлкен адам ағзасына орналастыру үшін оларды иммунді ету маңызды. Миталипов жетекшілік еткен бір топ ғалым мәңгілік жастықтың құпиясын іздестіруде тін жасушаларын клондаумен шұғылданған. Олар эмбрионды жасуша көшірмесінің "түпнұсқасынан" еш айырмасы жоқтығын дәлелдей алған. Әрине, бұл арада адам "пультті" қолға алып, жылдарды артқа шегеруде өзінің жастығын қайтарып алатын мәселені қарастыру көзделген. Әзірге ғалымдар бірнеше мақсатты айқындады: тін жасушалары дамуын бақылау, оны трансплантациялау және оны жануарларға сынап көруде қауіпсіздігі мен тәсіл тиімділігін анықтау. Осыған дейін мәңгілік жастықтың құпиясы толықтай ашылған емес, сондықтан Миталипов тін жасушаларымен емделуді ұсынатын алаяқтарға сенбеуге кеңес береді. Жасартудың әбден тезден өтпеген тәсілі тиімсіз әрі қауіпті болуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети