15 маусым 2015 11:26

Қазақстандық физик Орталық Азиядағы "ең көп мақала жариялаған ғалым" атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ратбай Мырзақұлов. © "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ баспасөз қызметі Ратбай Мырзақұлов. © "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ баспасөз қызметі

Springer басылымының мамандандырылған рейтингтік журналдарында шыққан ғылыми мақала санынан Top Springer Author 2015 жүлдесін қазақстандық физик Ратбай Мырзақұлов жеңіп алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Springer басылымының мамандандырылған рейтингтік журналдарында шыққан ғылыми мақала санынан Top Springer Author 2015 жүлдесін қазақстандық физик Ратбай Мырзақұлов жеңіп алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстанның 9 ғалымы жүлденің лауреаттары атанды. Марапаттау рәсімі 12 маусымда Алматыда өтті. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, академик Ратбай Мырзақұлов астрофизика, гравитация теориялары мен қараңғы материялар жайлы жұмыстарымен танымал. Марапатталған қазақстандық 5 ғалымның үшеуі физика саласында еңбек етеді. Қазақ-Британ Техникалық Университетінің профессоры Әнуарбек Мейірманов физикалық құбылыстарды математикалық модельдеу саласындағы еңбегі үшін марапатталды. Физик Юрий Тулеушев Алматыдағы ядролық физика лабораториясын басқарады, ол жоғары өткізгіштік саласындағы еңбектерімен белгілі. Қарағанды Органикалық синтез және көмір химиясы институтының ғалымдары Оралғазы Нұркенов пен Серік Фазылов та Top Springer Author 2015 лауреаттары атанды.

Сонымен қатар, қырғызстандық геолог Исакбек Торгоев пен Қанатбек Әбрахматов, сейсмолог Владислав Баталев лауреат атанды. Тағы бір жүлде Тәжікстаннан келген белгілі математик, академик және тәжік парламентінің депутаты Мирганд Шабозовқа бұйырды.

Айта кетейік, 2011 жылы Қазақстандағы білім және ғылым мекемелерінің барлығы SpringerLink басылымының ғылыми мақалалар базасына кіруге мүмкіндік алды. Қазақстанда PhD докторлары дәрежелерін қорғау үшін Thomson Reuters және Scopus халықаралық базасындағы рейтингте орны бар шетелдік ғылыми журналдарда бір немесе одан да көп мақала жариялау керек. Бұл талап білім сапасын көтеру мақсатында 2011 жылы енгізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети