04 қараша 2014 19:02

Қазақстандық ғалымдар көмірден синтетикалық мұнай өндіруге дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстандық ғалымдар көмірден синтетикалық мұнай өндіруге қатысты жұмыс жобасын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық ғалымдар көмірден синтетикалық мұнай өндіруге қатысты жұмыс жобасын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университеті, жаңа химиялық материалдарды талдау ғылыми зерттеу институтының директоры Сергей Калугиннің айтуынша, отандық жоба қаржыландыруға толық дайын.

Калугиннің айтуына қарағанда,  бұл жоба Білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ, "Парасат" ұлттық ғылыми холдингінің қолдауымен зерттеліп отыр. Ғалымдар өз технологияларының жобасын жасау үшін арнайы грант алған.

Институт директорының мәліметінше,  сарапшы мамандар синтетикалық мұнай алуды Ақтөбе облысының билігімен бірлесіп жүзеге асыруда ұсынып отыр. Калугин  "аталмыш облыста синтетикалық мұнай алуға болатын бірнеше көмір кені бар. Алайда екі жақ әлі нақты келісімге келген жоқ", - дейді. 

Бұған қоса сарапшы маман синтетикалық мұнай негізгі мұнай көзін алмастыра алмайтынын да алға тартуда. Дегенмен, бұл мұнай арзан бағаланбайды. Қазір Қазақстандағы мұнай өнімдерінің тапшылығына қатысты бұл бағытта жұмыс істеу қажеттілік болып отыр.

"Біз болашақ үшін жұмыс істейміз. Сондықтан  көмірден синетикалық мұнай алуды жалғастырамыз", - дейді Калугин.
Бұдан бұрын энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстанда көмірден синтетикалық мұнай алу жобасы бойынша жұмыс жасалып жатқанын мәлімдеген болатын. Ол елдегі көмір қоры шамамен 300 млрд тоннаны құрайтынын айта келе, бұл жоба мұнай-газ компанияларының бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын алға  тартты. Школьниктің мәлімдеуінше, синтетикалық мұнай өндіру елде шикізат көзін молайтып, Қашағанмен салыстыратын мұнай қорын жасақтауға  мүмкіндік береді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети