19 наурыз 2014 19:18

Назарбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректорын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтановпен кездесті. ©аkorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтановпен кездесті. ©аkorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановпен кездесу барысында оқу орнының дамуы мәселесін қарастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. "Кездесу барысында еліміздің жоғары білім беру жүйесін дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы ҚазҰУ республиканың ірі жоғары оқу орындарының бірі болып саналатынын, ал оның түлектері экономиканың барлық секторында жұмыс істейтінін атап өтті", - делінген хабарламада Ғ.Мұтанов жоғары оқу орнының қазіргі қызметі және әлемдегі ең үздік 300 университеттің қатарына қосылу жөніндегі негізгі міндеттері туралы да айтты. "Бүгінде жоғары оқу орындарының студенттеріне қойылатын талап өте жоғары. Биыл құрылғанына 80 жыл толатын университет өзінің бәсекеге қабілеттілігін ұдайы арттыра отырып, жоғары білікті кадрлар даярлауда үлгі болуға тиіс. Тек осы жағдайда ғана оқу орнының мәртебесі арта түсетін болады". - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ректор ҚазҰУ-дың алдында білімге негізделген инновациялық экономика субъектісіне айналу міндеті тұрғанына тоқталды. Бұл орайда университет ғылыми-технологиялық міндеттерді шешуде, білім беру сапасын және еліміздің оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда үлгі болуды көздеп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети