06 қазан 2014 11:31

Нобель сыйлығы иегерлерінің есімі жария етіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нобель сыйлығының медалі. ©er.ru Нобель сыйлығының медалі. ©er.ru

Нобель сыйлығы лауреаттарының есімі 6-13 қазан аралығында Стокгольм мен Ослода жария етіледі, - деп хабарлайды РИА Новости.


Нобель сыйлығы лауреаттарының есімі 6-13 қазан аралығында Стокгольм мен Ослода жария етіледі, - деп хабарлайды РИА Новости.

Есімдерді жариялау аптасы Стокгольмдегі Каролина медицина институты жанындағы Нобель комитетінде басталады. Дүйсенбі күні Астана уақыты бойынша сағат 15.30-да физиология және медицина саласындағы жеңімпаздардың аты аталады. 7-8 қазан күндері сағат 15.45-те Швед корольдік ғылым академиясы жанындағы комитет физика және химия саласындағы жүлдегерлерді жария етеді. 

Әдебиет саласы бойынша Нобель иегерінің есімі 6 қазанда жария етілуі мүмкін. Әдетте әдебиет бойынша лауреаттар бейсенбі күні жария етіледі. 2013 жылы бұл сыйлықты канадалық жазушы Элис Мунро жеңіп алды. 

10 қазанда Нобель сыйлығының норвегиялық комитеті Ослода бейбітшілікті нығайту жөніндегі жүлде иегерінің немесе иегерлерінің атын атайды. 2014 жылы үміткерлер қатарында 278 пункт болды, оның ішінде, жеті қоғамдық және халықаралық ұйым. 2013 жылы Нобельдің бейбітшілік сыйлығы Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымға берілді.

Нобель сыйлығымен марапаттау аптасы тағы да Стокгольмде қорытындыланады. 13 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 17.00-де Швед корольдік ғылым академиясы экономика саласындағы жеңімпаздардың есімін жария етеді. Бұл сыйлықты 1968 жылы Швед мемлекеттік банкі Альфред Нобельдің құрметіне тағайындаған. Нобельдің өзі ХІХ ғасырдың соңында тек бес жүлде табыс етуді өсиет еткен. Әр Нобель сыйлығының сомасы миллион долларға жуық.

Еске сала кетейік, Нобель сыйлығын арнайы комитеттер табыс етеді. Жыл сайын қыркүйек айында түрлі елдерде мыңнан астам профессорға, академиялық мекемелер мен Нобель иегерлеріне үміткерлер номинациясына қатысуға шақырулар жолданады. Кейін ақпан айынан қазанға дейін үміткерлер тізімін жасау, лауреаттарды іріктеуге дайыс беру бойынша жұмыстар жасалады. Үміткерлер тізімі 50 жылға құпия сақталады. Жеңімпаздар қазан айында жария етіледі. Марапаттау салтанаты Стокгольм мен Ослода жыл сайын 10 желтоқсанда - сыйлықтың негізін қалаушы ғалымның (1833-1896) қайтыс болған күні өтеді. 

1901 жылдан бері Нобель сыйлығы 876 адамға берілді. Олардың арасында 851 зерттеуші немесе қоғам қайраткері және 25 ұйым бар. 2013 жылы Нобель сыйлығын АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Канада елдерінен 12 адам және бір ұйым - Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым иеленді. Айта кетейік, бұған дейін ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру әдісін ойлап тапқан Қазақстан ғалымдарының Нобель сыйлығына үміткер бола алатыны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети