22 мамыр 2014 17:48

Нобель сыйлығының лауреаттары Еуразиялық Одақтың болашағына қатысты болжам айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эрик Маскин Эрик Маскин

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде VІІ Астана экономикалық форумы аясында "Қазақстанның инновациялық экономикасы - жаһандану жағдайында тұрақты дамудың факторы" атты жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясы өтіп жатыр. Конференцияда Нобель сыйлығының лауреаттары Финн Кидланд, Эрик Маскин, Джордж Фицжеральд Смут III жас ғалымдар алдында дәріс оқыды, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Нобель сыйлығының экономика саласы бойынша 2004 жылы лауреаты Финн Кидлан әлемдегі қаржы экономикалық дағдарыстың қазіргі жай күйіне талдау жасады. Ол Еуропадағы қаржылық дағдарыс толықтай тұрақталмағанын алға тартты. Кидлан ортақ экономикалық кеңістікте валюталық одақ құру тиімсіз деген тұжырымымен бөлісті. Ол бұл тұрғыда ЕуроОдақтың еуросын нақты мысал ретінде келтірді. Ғалым Еуразиялық Экономикалық Одақтың болашағына қатысты өз болжамын айтты. Кидлан егер бұл ұйым сауда, тауар айналымын кеңейтуге бағытталған үрдісінен жаңылмаса, онда келешегінен үміт күтуге болады деп есептейді. Тек ортақ валюта мәселесінен аулақ болу керектігін жеткізді.

Нобель сыйлығының тағы бір лауреаты Эрик Маскин болса, әр дамығысы келетін ел тек әлемдік қауымдастықпен ашық әріптестік қатынасты өрбіте алса ғана жетістікке жете алады деп мәлімдеді. Тұйықталып қалғаннан, қандай қоры бар ел болса да зардап шегетінін шегеледі.

Космос мәселелері бойынша Нобель сыйлығын алған Джордж Фицжеральд Смут III адамзат Айды бағындыру жобасына аяқ басқанын айтты. Марста теңіз іспетті алып сулы аумақ табылғанынан хабардар етті. Өзіне жас ғалымдар қойған "Сіз құдайға сенесіз бе?" деген сауалға "Маған жеке басыма қатысты емес, ғылымға қатысты сауал қойсаңыздар" деп жауап берді. Үш атақты әлемдік деңгейдегі ғалымның дәрісін Еуразия Ұлттық университетінің студенттерімен бірге онлайн режимде облыс орталықтардағы ондаған жоғарғы оқу орындары да онлайн режимде тыңдап, сұрақтар қоя алды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети