12 қазан 2015 | 17:06

Ватикан Қазақстанға Орта Азияның XVII-XVIII ғасырлардағы картасының көшірмесін табыстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ватикан Қазақстанға Орта Азияның XVII-XVIII ғасырлардағы картасының көшірмесін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ватикан Қазақстанға Орта Азияның XVII-XVIII ғасырлардағы картасының көшірмесін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында Ватиканда "Қазіргі заманғы этникааралық және конфессияаралық келісім" атты ғылыми-тәжірибелік конференция мен фотокөрме өтті. Іс-шараға ғылым өкілдері, Ватикандағы елшілік корпустың жетекшілері қатысты.

Ватикандағы Қазақстан елшісі Мұхтар Тілеуберді конференцияға қатысушылар алдында сөз сөйледі. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жұматай Әлиев Қазақстан халықы ассамблеясының негізгі мақсаттары мен міндеттерін айтып өтті. Ол Ассамблеяның құрылу тарихын айта отырып, оны құруда, қолдауда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен роль атқарғанына тоқталды.

Рим папасы кеңесінің дінаралық қатынас жөніндегі хатшысы Қазақстандағы дінаралық ынтымақтастық пен әлеуметтік тұрақтылыққа назар аударды. Сонымен қатар, ол Ватиканның Қазақстан Президентіне үлкен қолдау білдіретінін айтты.

Конференция соңында Орта Азияның XVII-XVIII ғасырлардағы картасының көшірмесі ресми түрде табысталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 500.42   526.9   4.65 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети