25 желтоқсан 2015 10:21

2015 жылы отбасын құрған жұлдыздар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір аптадан кейін жаңа жылға аяқ басамыз. Өткен жыл несімен есте қалды? Бұл сұраққа отандық эстрада жұлдыздарының басынан өткен қуаныштарымен жауап беріп көрелік. Baq.kz басылымы 2015 жылы есте қаларлық ерекше тойларды еске алды.  


Бір аптадан кейін жаңа жылға аяқ басамыз. Өткен жыл несімен есте қалды? Бұл сұраққа отандық эстрада жұлдыздарының басынан өткен қуаныштарымен жауап беріп көрелік. Baq.kz басылымы 2015 жылы есте қаларлық ерекше тойларды еске алды.  

Арман Қоңырбаев пен Аша Матай

Сөзсіз биылдың есте қалған ең ерекше тойы Mysterions тобының солисі Арман Қоңырбаев пен танымал тележүргізуші, әнші, актриса Аша Матайдың шаңырақ көтеруі болды. Алдымен ұзату тойы 20 қыркүйекте өтті. Әнші ұзатылу тойында әкесіне арнап ән орындады. Жазира Байырбекова "Ақбота" атты сыңсу әнімен шығарып салды.

Арыстан мен Мөлдір Әуелбекова

Қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып келе жатқан әнші Мөлдір Әуелбекова жақында өз теңін тапты. Жігіттің есімі - Арыстан. Әншіден бір жасқа үлкен екен. Талай жігіттің арманы болған ару 4 желтоқсан күні туған жері Тараз қаласынан ұзатылды. Сол күні сырға салу рәсімі де орындалды. Мөлдірдің ата-анасы қызды мейрамханадан емес, өзі өскен шаңырағынан ұзатуды жөн деп тауыпты. Ал 12 желтоқсан күні үйлену тойы өтті. Бұл тойды әнші Нұрлан Албан мен Гүлжан Әліш басқарды. Тойға 350-ге жуық қонақ келді.

Бауыржан Исламхан мен Еркежан Талғатбекова

28 қараша күні "Қайрат" командасының капитаны Бауыржан Исламхан Тараз қаласында дүркіретіп той жасады. Қалыңдықтың есімі - Еркежан Талғатбекова. Екеуі де Тараз қаласында өскен. Еркежан биылғы жылы Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін қызыл дипломмен бітірген. Мамандығы- филолог (әдебиеттану және шет тілдері кафедрасы).

Айта кетейік, қыркүйек айының орта тұсында қыз ұзату болған. Енді, міне, үйлену тойы да өтті. Бауыржан тойына да еліміздің танымал футболшылары жиналды. Бұл тойдың да тізгінін Жанатбек Бәйтеков ұстады. Тойға отандық танымал футболшылардың көбісі қатысты. Олардың арасында Нұрбол Жұмасқалиев, Жамбыл Көкеев, Ұлан Қонысбаев, Елдос Ахметов, Абзал Бейсекбековтер бар.

Әлішер Нұржанов пен Айдана Меденова

Баян Есентаева құрған "КешYou" тобының экс-солисі Айдана Меденова биылғы жылы Әлішер Нұржанов есімді продюсер жігітке тұрмысқа шықты.

"20 наурыз күні ұзатылдым. Ал 22 наурызда үйлену тойымыз өтті. Тойды дәл осы күнге белгілегенімізге өз басым қуандым. Себебі ауа райы тамаша болды. Тойдағы түрлі шоу-бағдарламалар қонақтардың көңілін көтерді. Шынымды айтсам, екі той да біз ойлағаннан жақсы өтті. Тек аралары жиі болғандықтан аздап шаршап қалдық", - деді әнші тойдан кейін берген сұхбатында.

Айтпақшы бұл тойға продюсер Баян Есентаеваның қатыспағаны бұқаралық құралдарында біраз талқыланған болатын.

"Баян Мақсатқызы ақпан айында-ақ журналистерге «Айдана Меденова мені тойына шақырмады» деп сұхбат берген болатын. Ал ол уақытта мен шақыру билеттерін дайындап үлгермеген де едім. Кейін билет дайын болғанда өз қолыммен билетті апарып, арнайы тойға шақырайын дегенмін, бірақ ол кісі бейнебаян түсіру үшін ұжымымен Гоаға кетіп қалыпты. Сондықтан билетті Кәмшаттан беріп жібердім. Сөйтсем, ол кісі "Маған билетті өзі әкеп бермеді" деп тағы ренжіді", - дейді Айдана. Жақында бұл жұптың алғашқы сәбилері дүниеге келді.

Дастен Шәкіров пен Ботагөз Исағұлова

Отандық көптеген телехиякалардың басты рөлдерін сомдаған актер Дастен Шәкіров те биыл отбасын құрды. Оның тандауы Ботагөз Исағұлова есімді аруға түскен. Той маусым айында Алматы қаласындағы "Алатау" санаторийінде өтті. Тойға Асылхан Төлепов, Жандос Айбасов сияқты белгілі актерлер қатысты. Дастен Шәкіров көрерменге "Жаным" телехиякасы арқылы танымал болған еді. Кейіннен "Болашақ", "Рэкитер-2" секілді бірнеше киноларға түсті.

Мақсат және Айдай Исаева

"Қазақстан Аруы - 2013" байқауының жеңімпазы Айдай Исаева да биыл тұрмысқа шықты. Сондай-ақ жақында балалы да болды. Шымкенттік арудың таңдауы 30 жастағы консалтингтік компанияның бас директоры әрі қайырымдылық қорының президенті Мақсат есімді жігітке түскен.

Ұзату тойы Айдайдың туып өскен жері Шымкент қаласында өтті. Ал үйлену тойы Алматы қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде болды. Қалыңдықтың қыз жолдасы "Ресей Аруы - 2014" атанған Юлия Әліпова болды.Тойға "Қазақстан аруы" байқауының әр жылдардағы қатысушылары мен жеңімпаздары Альфина Насырова, Регина Вандышева, Әйгерім Үзембаева, Мадина Дәулетова, Әсел Сыпабекова, Салтанат Бекжігітовалар келді. Модель қыз белгілі дизайнер Наиля Байқұшықова тіккен көйлекті киді.

Олжас пен Динара Қырықбаева

Отандық шоу-бизнесте ерте танылған тараздық ару Динара Қырықбаева да биыл тұрмысқа шықты. Динара 1985 жылы туған Талдықорған қаласының тумасымен отбасын құрды. Алдымен 10 мамыр күні әншіге қазақтың салтымен сырға салынды. Сосын 24 мамыр күні ұзату тойы өтті. Ұзату тойының тізгінін танымал актер Азамат Сатыбалды ұстады. Осы тойда Динара жарымен қосылып, "Держи Меня" әнін орындады. Кейіннен Олжас үйлену тойын өткізді.

Әбдіжаппар Әлқожа мен Мейіргүл

Танымал әнші-сазгер Роза Әлқожаның туған інісі Әбдіжаппар Әлқожа да қазақ эстрадасындағы жаңа есімдердің бірі. Сері жігіт ақпан айында келін түсіріп, бойдақтық өмірмен қош айтысқан болатын. Әбдіжаппардың таңдауы 21 жастағы өскемендік Мейіргүл есімді аруға түскен. Үйлену тойының алдында беташар рәсімі өтті. Келіннің бетін әнші Еркін Нұржанов ашты.

Абзал Бейсебеков пен Сымбат

14 қараша күні қазақстандық командалардың арасында алғаш болып Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен "Астана" командасының қорғаушысы Абзал Бейсебеков Сымбат есімді арумен шаңырақ көтерді. Үйлену тойы Алматы қаласында өтті. Танымал әртіс Жанатбек Бәйтеков асабалық еткен тойға Абзалдың командалас достары, еліміздің белгілі футболшылары жиналды. Фокси Кетевоама, Жуниор Кабананга, Патрик Твумаси, Рохер Каньяс секілді өзге құрлықтан келген футболшылар қазақтың тойына куә болып, ұлттық тағамдарымыздан дәм татты.

Юрий Логвиненко мен Елена Волкова

11 қараша күні "Ақтөбе" капитаны Юрий Логвиненко екінші жартысын тапты. 27 жастағы қорғаушы Елена Волкова есімді аруды қолына қондырды. Екі жұп 2008 жылдан бері кездесіп жүрген көрінеді. Бірақ маңызды қадамды арада 7 жыл өткенде бірақ жасады. Той Еленаның туған күнінен бір күн кейін өтті. Екі жастың тойына Владмир Муханов (бапкер), Тимур Кападзе, Андрей Сидельников, Асхат Тағыберген, Евгений Левин, Сергей Хижниченко, Алмат Бекбаев секілді танымал футболшы достары келді. Сондай-ақ Қырғызстаннан Еміл Кенжасариев те арнайы келіп, қуанышқа ортақтасты.

Руслан Әбдразақов және Мөлдір

Танымал балуан "Қазақстан барысы" сайысының күміс және қола белбеу иегері Руслан Әбдіразақов та қараша айында бойдақтардың санын азайтты. Қызылорда облысының намысын қорғап жүрген 27 жастағы спортшы үйлену тойын Алматы қаласында өткізді. Бұл тойға еліміздің өнер жұлдыздары, спортшылар қатысты. Айтпақшы Русланның тандауы Мөлдір есімді аруға түсіпті. Келіннің бетін арқалы айтыскер ақын Ринат Зайытов ашты.

Дереккөз: Baq.kz басылымы

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети