22 шілде 2015 15:14

"Алматы аруы-2015" байқауының финалистері таныстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж © Tengrinews.kz Коллаж © Tengrinews.kz

"Алматы аруы-2015" байқауының 14 финалисі таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Алматы аруы-2015" байқауының 14 финалисі таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздар маусым айында өткен екі кастингтің нәтижесі бойынша таңдалып алынды. Байқау шеңберінде атақты фотограф Данил Олейниктің бірінші ресми фотосессиясы да өтіп үлгерді. Таяуда аспаздық жарысы, дарындылар байқауы өтеді, әділ қазылар құрамында ресейлік әнші Сати Казанова бар.

Айта кетейік, 2015 жылдан бастап "Алматы аруы" байқауының жеңімпазы жыл сайын "Дүниежүзі аруы" байқауына қатысатын болады. Ол "Қазақстан аруы" титулының иегеріне "Әлем аруы" байқауына жолдама берілгеннен кейін жүзеге асады.

Алматының номері бірінші аруы өзге қаланың қатысушылары сияқты, яғни олармен тең дәрежеде "Қазақстан аруы" титулы үшін күресетін болады. Егер алматылық республикалық байқауда жеңіске жетсе, ол бірден екі байқауға аттанады - "Дүниежүзі аруы" және "Әлем аруы" .

"Алматы аруы" финалистері:

Фариза Күлекенова 20 жаста. ҚазБСҚА студенті

Гүлжан Дәулетова 18 жаста. ALMA University студенті

Тамилла Сәрсенова 18 жаста. АМСжТК студенті

Баян Төребек 22 жаста. ҚазҰТУ студенті

Әсел Нұрмахан 20 жаста. Экономист

Мәриям Құсайынова 22 жаста. Актриса

Ксения Олейникова 19 жаста. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің студенті

Венера Жикенова 19 жаста. АТУ студенті

Регина Вальтер. 20 жаста. Түмен мемлекеттік сәулет және құрылыс университетінің студенті

Мария Жиленко 24 жаста. Менеджер

Салтанат Кәрібаева 19 жаста. Құрманғазы атындағы ҚҰК студенті

Әсел Мақашева 22 жаста. ҚазБСҚА студенті

Каролина Ливицкая 18 жаста. Аудармашы

Валерия Татаркова 21 жаста. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенті

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети