12 сәуір 2017 21:58

"Бәрі де Алланың қалауымен". Ақбота-Нұр Сейтмағамбеттің жүкті екені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі актер, көңілді тапқырлар клубының бұрынғы ойыншысы Дәурен Айдарқұлов "КешYou" тобының экс-солисі, әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбетпен түскен суретін жариялады.


Белгілі актер, көңілді тапқырлар клубының бұрынғы ойыншысы Дәурен Айдарқұлов "КешYou" тобының экс-солисі, әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбетпен түскен суретін жариялады.

Айдарқұловтың Instagram желісінде жариялаған екі суретіне "Бәрі Алланың қалауымен" деп сипаттама жазылған. Ал суретке қатысты пікір жазған қолданушылар екі жастың бас қосқанын болжап отыр. Суреттен әншінің жүкті екенін байқауға болады.


Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейтмағамбет. © instagram.com/daurenaidarkulov

Айта кетейік, былтыр желтоқсан айынан бастап Ақбота мен Дәуреннің "көңіл қосқаны" жайлы қауесеттер тарай бастаған. Актриса үшін 34 жастағы Айдарқұлов үш баласы мен әйелін тастап кетті дегендер болды. Алайда осы тақырып қызған шағында актриса ешкімнің де отбасын бұзбағанын және Дәуренмен ешқандай да қарым-қатынасының жоқ екенін мәлімдеген.

Ал осыған дейін актер Дәурен Айдарқұловтың әйелі "Ақбота Сейітмағанбет күйеуімді тартып алды" деп мәлімдеме жасаған болатын. Әнші Ақбота "Гламур для дур" атты комедияда басты рөлде ойнаған еді. Осы картинаға Айдарқұлов та түскен. Әртістер осы киноға түсу барысында танысқан екен. Сондай-ақ, Ақбота Сейтмағамбет тұрмысқа шығуына байланысты "КешYou" тобынан кеткен еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети