22 қаңтар 2017 21:21

Баян Есентаева алматылық бизнесменнің ұсынысын қабыл алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық продюсер Баян Есентаева алматылық бизнесмен Тұрсынғали Алагөзовтің ұсынысын қабыл алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды.


Қазақстандық продюсер Баян Есентаева алматылық бизнесмен Тұрсынғали Алагөзовтің ұсынысын қабыл алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды.

"Приняла предложение руки и сердца ❤️ @tursen_alaguzov", - деп жазған продюсер жеке парақшасында.

Артынша продюсер Ерик Тастембеков, тележүргізуші Әділ Лиян, әншілер Айгүл Иманбаева және Бүркіт құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Ал осыған дейін Тұрсынғали Алагөзов Instagram желісіндегі парақшасында әйел адаммен түскен суретін жариялаған болатын. Кейін оның Баян Есентаева екені анықталды.

Айта кетейік, осыған дейін продюсер Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзовтің қарым-қатынасы жайлы кейбір БАҚ-тар жаза бастаған болатын. Жарияланған мәліметтерге қарағанда, Тұрсынғали Алагөзов 1969 жылдың 17 қыркүйегінде Алматыда дүниеге келген. Благовещенскіде борышын өтеген. Ауыл шаруашылығы институтын ауыл шаруашылығы механизация мамандығы бойынша тәмамдаған, сондай-ақ, Қытайдың Сиань қаласында Солтүстік-Батыс университетінде оқыған. Ал оның әкесі Тұрым Алагөзов белгілі композитор, дирижер, ҚР Композиторлар одағының мүшесі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети