23 қаңтар 2017 21:58

Баян Есентаева ар-намысына тиетін пікір жазған адамдарды сотқа береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаева © instagram.com/bayanmaxatkyzy Баян Есентаева © instagram.com/bayanmaxatkyzy

Қазақстандық продюсер Баян Есентаева ар-намысына тиетін пікір жазған адамдарды сотқа береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.


Қазақстандық продюсер Баян Есентаева ар-намысына тиетін пікір жазған адамдарды сотқа береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"ҚР Азаматтық кодексінің 143-бабы бойынша ар-намысымды, қадiр-қасиетімді және iскерлiк беделiмді қорлайтын әрі шындыққа жанасатынын дәлелдей алмайтын мәліметтерді сот арқылы жоққа шығаруға құқылымын. Құрметті Арнат, сотта кездесуге тура келетін адамдарымның тізімінде сіз біріншісіз. Ар-намысым мен абыройыма нұқсан келтіретін әрбір адамға осындай шара қолданылады!", - деп жазды Есентаева.


© instagram.com/bayanmaxatkyzy

Айта кетейік, продюсердің жаңа сүйіктісі жайлы белгілі бола бастағанда-ақ Желі қолданушылары мұны қызу талқыға салып, бірі жақтаса, бірі даттаған еді.

Еске салайық, таяуда Баян Есентаеваның алматылық бизнесмен Тұрсынғали Алагөзовпен көңіл қосқаны белгілі болды. Бастапқыда бизнесмен бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазса, кеше, 22 қаңтарда продюсердің өзі оның ұсынысын қабыл алғанын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети