24 қаңтар 2017 15:33

Баян Есентаева БАҚ-ты сотқа беру үшін адвокаттардың көмегіне жүгінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаева БАҚ-ты сотқа беру үшін адвокаттардың көмегіне жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.


Баян Есентаева БАҚ-ты сотқа беру үшін адвокаттардың көмегіне жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Бұл порталға, мақала авторы құрметті Таңшолпан Ахметоваға бірінші шағымым. БАҚ-тарды менің жеке өміріме қатысты кәсіби әдеп сақтауға шақырамын, олай болмаған жағдайда ҚР азаматы ретінде өз құқығымды органдар арқылы қорғайтын боламын. Назарларыңызға рақмет", - деп жазды Есентаева. 

Соталды шағымның мәтініне қарағанда, Баян Есентаева биыл зейнеттегі ұстаз Таңшолпан Ахметованың 20 қаңтарда қазақстандық интернет-порталда жарияланған үндеуіне қатысты адвокаттың қызметін алуға өтініш жазған. Есентаева бұл мақалада ар-намысы мен абыройына және iскерлiк беделiне нұқсан келтіреді деп есептейді екен.

"Бесарт" жеке адвокат конторасының басшысы Нұрлан Өстеміров Tengrinews.kz тілшісіне Есентаеваның басылымды жалған мәлімет таратты деп жауапкершілікке тартуға ниетті екенін растады. 

"ҚР Заңнамасында шындыққа жанаспайтын мәліметті таратуға жауапкершілік, оның ішінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған: ҚР Қылмыстық кодексінің 130-бабы ("Жала жабу") және 131-бабы ("Қорлау"), Азаматтық кодекстің 143-бабы ("Ар-намысты, қадiр-қасиеттi және iскерлiк беделдi қорғау"), ҚР Жоғарғы сотының 1992 жылдың 18 желтоқсанындағы "Сот тәжiрибесiнде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану туралы" Нормативтік қаулысы", - делінген шағымда.

Адвокат Баян Есентаеваның прокуратураға немесе сотқа өз құқығын қорғауға және жоғарыда көрсетілген құқық нормаларының кез келгенін қорғауға шағым түсіре алатынын айтты.

"Осыған байланысты тексерілмеген, расталмаған, абыройға, ар-намыс пен іскерлік беделге нұқсан келтіретін мәлімет жариялағаны үшін порталда жоққа шығаруды және Б.М.Есентаевадан кешірім сұрауды сұраймын", - деп атап өтті Өстеміров. Ол порталдан 2017 жылдың 3 ақпанынан кешіктірмей жауап күтетінін айтты.

Ал осыған дейін ол ар-намысына тиетін пікір жазған адамдарды сотқа беретіні жайлы мәлімдеген болатын.

"ҚР Азаматтық кодексінің 143-бабы бойынша ар-намысымды, қадiр-қасиетімді және iскерлiк беделiмді қорлайтын әрі шындыққа жанасатынын дәлелдей алмайтын мәліметтерді сот арқылы жоққа шығаруға құқылымын. Құрметті Арнат, сотта кездесуге тура келетін адамдарымның тізімінде сіз біріншісіз. Ар-намысым мен абыройыма нұқсан келтіретін әрбір адамға осындай шара қолданылады!", - деп жазды Есентаева.


© instagram.com/bayanmaxatkyzy

Айта кетейік, продюсердің жаңа сүйіктісі жайлы белгілі бола бастағанда-ақ Желі қолданушылары мұны қызу талқыға салып, бірі жақтаса, бірі даттаған еді.

Еске салайық, таяуда Баян Есентаеваның алматылық бизнесмен Тұрсынғали Алагөзовпен көңіл қосқаны белгілі болды. Бастапқыда бизнесмен бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазса, кеше, 22 қаңтарда продюсердің өзі оның ұсынысын қабыл алғанын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети