25 қазан 2017 12:00

Бизнесменнің қызын алған Шоқан Маратұлы әке атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"All Давай" тобының солисі Шоқан Маратұлы әке атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"All Давай" тобының солисі Шоқан Маратұлы әке атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Instagram желісінде сүйіншіледі. "Жаратқанға мадақ! Мен әке атандым", - деп жазды әнші жүкті әйелімен түскен суретін жариялай отырып.

Еске салайық, мұның алдында "All Давай" әншісі Шоқан Маратұлының белгілі бизнесмен Райымбек Баталовтың қызы Анель Баталовамен биыл мамырда үйленгені хабарланған еді. Үйлену тойы Көк-Төбедегі мейрамханада болды.

Шоқан Маратұлы үйлену тойында қалыңдығы Анельмен жұмыста танысқанын айтып берген еді. Жастар жарты жыл уақыт кездескен. Осы уақыт аралығында жас жұбайлар өмір бойына бірге болуды қалайтындарын түсінген.

"Біз жұмыс бабында жүріп таныстық. Шынымды айтсам, бұл мен үшін күтпеген жағдай болды. Ол кезде мен ештеңе ойлаған жоқпын, өз жұмыстарыммен жүрдім. Бірақ оны алғаш рет көріп, сөйлескеннен кейін мен оның байсалдылығын, сөйлеу мәнерін, сұлулығын және ақылды екенін байқадым. Ол мені бірінші кездесуде-ақ жаулап алды. Кейін мен оған жұмыс бойынша бір кездесуі белгіледім. Сосын тағы да бірнеше рет кездестік, әр кездесу сайын оның расында да мен үшін ерекше қыз екенін және оны қайта-қайта көргім келетініне көзім жетті. Осылайша біз сөйлесе бастадық. Қуанышымызға орай, оның да мені ұнататынын түсіндім" , - деген еді Шоқан Маратұлы.

Айта кетейік, қалыңдықтың жасы 23-те. Ол Алматыға жақында шетелден оқудан келген екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети