Игорь Крутойдың қызы үйлену тойын Монакода өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Игорь Крутойдың қызы үйлену тойын Монакода өткізді Виктория Крутая өзінің сүйіктісімен ©Super.ru

Ресейдің белгілі композиторы, танымал шлягерлердің авторы Игорь Крутойдың қызы Виктория Крутая мәскеулік ресторатор Давид Берковичке тұрмысқа шықты. Иудей стиліндегі үйлену тойы 28 маусым күні Монте-Карлода өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  SUPER таблоидына сілтеме жасай отырып. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің белгілі композиторы, танымал шлягерлердің авторы Игорь Крутойдың қызы Виктория Крутая мәскеулік ресторатор Давид Берковичке тұрмысқа шықты. Иудей стиліндегі үйлену тойы 28 маусым күні Монте-Карлода өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  SUPER таблоидына сілтеме жасай отырып. 

28 жастағы Виктория мен 29 жастағы Давид маусым айының басында Нью-Йоркте некелескен болатын. 

Үйлену тойының құрметті қонақтары Кэти Топурия, Владимир Винокур отбасымен, Андрей Малахов және жұбайы Наталья Шкулева, Лайма Вайкуле, Лев Лещенко, Алсу мен Ян Абрамов, Яна Рудковская, Иосиф және Нелли Кобзон секілді белгілі жұлдыздар. Монака княздығының астанасына қонақтар тойдан бірнеше күн бұрын келді. 

Тойға дайындық үш күн бойы жүргізілді. Бос уақыттарында жас жұбайлар жағажайда және қауызда демалды. 

Неке қию рәсімі Le Monte Carlo Sporting Club салтанат залында болды. Сенбі күні осы жерге күйеу жігіт пен қалыңдықтың туған-туыстары, дос-жарандары түгел жиналды. Виктория аппақ қардай әдемі көйлек басына фата және тамаша диадема тақты. Қалыңдық өзінің тойы өтетін залды әшекейлеуге де атсалысты. Өйткені Виктория біраз уақыттан бері гүл бизнесімен айналысады. Дәстүр бойынша әкесі қызын жетектеп апаратын алтарьдың жолы ақ раушандармен, шұғынық гүлдермен көмкерілді. Бір қабырға толық жүздеген букетке толтырылған. 

Үйлену тойы орыс-иудей стилінде өтті. Жас жұбайлар хупа рәсімін жасап, Құдайдың алдында некелерін қиды. Үйлену тойының барлық рәсімдерінен кейін қонақтарды банкет залында теңіз тағамдары мен дәмі тіл үйірер алапат торт күтіп тұрды. Тәтті торт Игорь Крутойдың "Свадебные цветы" атты әнімен залға әкелінді. Үйлену тойында  атақты әнші Николай Басков асабалық етті.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети