08 мамыр 2015 09:08

Ирина Шейк пен оның жаңа ғашығының бірге түскен суреттері пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mirror.co.uk © mirror.co.uk

Сәуір айының соңында батыс басылымдары Голливудтың 40 жастағы актері Брэдли Купер мен 29 жастағы Ирина Шейктің қарым-қатынасы туралы жаза бастады. Кейін Интернетте олардың кездесіп жүргенін растайтын суреттер пайда болды, - деп жазады Mirror.

Олардың бірге түскен суреті Риананың Нью-Йорк қаласындағы институт костюмі Балының құрметіне ұйымдастырылған кештен кейін түсірілген. Кеште олар бір-бірімен мүлде сөйлеспеген. Бірақ көшеге шыққаннан кейін Ирина мен Купердің құшақтасып тұрған сәтін БАҚ өкілдері камераға түсіріп алды.

Бродвейде өткен Finding Neverland мюзикліне екеуі бірге барған. Осыдан бірнеше апта бұрын Ирина мен Купер ортақ достары арқылы танысқан. Содан бері жұптары жазылмай келеді.

Ирина мен Брэдли жақын арада өздерінің сүйіктілерімен қоштасты. "Американский снайпер", "Мальчишник в Вегасе", "Мой парень - псих", "Афера по-американски" филімдерінің актері осыған дейін ағылшын моделі Суки Уотерхауспен кездесіп келген.

Ал Ирина осы жылдың қаңтарында "Алтын допты" қатарынан үш рет иемденген футболшы Криштиану Роналдумен ажырасты. Олар бес жыл кездескен.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети