18 маусым 2015 17:03

Жанна Фриске Мәскеуде жерленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ұзақ уақыт бойы ауырып, 41 жасқа қараған шағында өмірден өткен әнші Жанна Фрискені жерлеу рәсімі Мәскеудегі Николо-Архангельск зиратында өтті, - деп хабарлайды РИА Новости. Таңертең ерте Мәскеудегі Елохов соборында Жанна Фрискенің жаназасы шығарылды. Оған әншінің азаматтық некедегі жолдасы, ата-анасы, әпкесі мен жездесі және ең жақын достары қатысты.

Әншімен қоштасу рәсімі 17 маусымда мәскеулік Crocus City Hall-да өтті. Жанна Фрискемен қоштасуға мыңдаған адам жиналды, олардың арасында Ольга Орлова, Анна Семенович, Валерия, Диана Гурцкая, Анжелика Агурбаш, Наташа Королева, Ксения Новикова, Стас Михайлов, Дмитрий Маликов, Игорь Николаев, Сергей Лазарев, Митя Фомин сияқты әншілер мен актер Егор Бероев бар.

© РИА Новости

Еске сала кетейік, Жанна Фрискенің ми обырына шалдыққаны туралы ақпарат БАҚ-та 2014 жылы қаңтар айында пайда болды. Бұл туралы ол кезде әншінің азаматтық некедегі жолдасы Дмитрий Шепелев мәлімдеді. Оның емі үшін халық 68 миллион рубль (1,2 миллион доллар) жинады. Қаржының бір бөлігін Фриске онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға аударды.

Жанна Фриске емделу үшін АҚШ-тың, Германия мен Қытайдың ең үздік емханаларына барды, кейін сауықтырудан өту үшін Балтық жағалауында болды. Соңғы айларда әнші Мәскеу маңындағы үйінде жолдасы Дмитрий Шепелевпен және ұлы Платонмен тұрды. Қазір екі жасар Платон Шепелевтің әкесі, яғни атасымен Болгарияда.

© РИА Новости

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети