06 ақпан 2015 15:31

Жұлдыздар қандай кітап оқып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz иллюстрациясы ©Tengrinews.kz иллюстрациясы

Tengrinews.kz тілшісі отандық шоу-бизнес өкілдерінің қандай кітап оқып жүргенін біліп көрді. Жасалған сауалнамада әншілер, актерлер, танымал продюсерлер қандай әдеби шығармалар оқып жүргенін айтты.


Tengrinews.kz тілшісі отандық шоу-бизнес өкілдерінің қандай кітап оқып жүргенін біліп көрді. Жасалған сауалнамада әншілер, актерлер, танымал продюсерлер қандай әдеби шығармалар оқып жүргенін айтты.

©Yvision.kz

Актер Азамат Сатыбалды қолы босағанда кітаптан қол үзбейді екен. Қазіргі уақытта ол тарихшы, жазушы Мұхтар Мағауиннің "Шақан шері" және "Аласапыран" романдарын оқып жатыр. 

©Massaget.kz

"Қазақстан дауысы" байқауының жеңімпазы, әнші, радиожүргізуші Шахаризат Сейдахмет Мұхтар Әуезовтің "Қилы заман" романын оқып жүр.

©Vk.com

Әнші Қарақат Әбілдина көбінде кітаптарды емес, жаңалықтарды оқитынын айтты. Ал соңғы оқып бітірген кітабы - әнші, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі Жәнібек Кәрменовтің "Ғашықтың тілі" еңбегі. "Мен осы кісінің философиялық ой-толғамдарын, өмір туралы пәлсапаларын сүйсініп оқыдым", - дейді әнші.

©Aikyn.kz

Продюсер, "Ән мен әнші" жобасының авторы Сержан Молдасанұлы Мұхтар Мағауиннің "Шыңғыс хан" романын оқып бастаған.  

Продюсер, тележүргізуші Асхат Садырбай өзінің сүйікті жазушысы Бердібек Соқпақбаев екенін айтып, осы жазушының шығармаларына ден қойғанын жеткізді.

©Nespi.kz

Актер, шоумен Әнуар Нұрпейісов болса, тарихи шығармаларға ден қойып жүргенін айтты. Қазіргі уақытта ол Джон Мэннің "Шыңғыс ханның көшбасшылық құпиясы" атты еңбегін оқып жатыр. 

©Sportinfo.kz

Еліміздің белгілі продюсері Алтынбек Рахметовке бір жерлесі Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларының 20 томдығын сыйға тартқан екен. Рахметов қазіргі уақытта ойшыл әрі этнографтың сан қырлы ғылыми-танымдық еңбектерінің тереңіне үңіле бастады.

©Yvision.kz

Әли Оқапов америкалық сценарист әрі продюсер Роберт Гейлдің "Көкектің дауысы" шығармасына зейін қойған. 

©Kaspibank.kz

Әнші Тамара Асар прозаны "кеміргенді" қалайды. Әсіресе, қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің әңгімелерін жиі оқиды екен. Ал қазіргі уақытта әйгілі "Абай жолы" роман-эпопеясын қайталап оқып жатыр.

©Aynaline.kz

Ал Досымжан Таңатаров ақын Есенқұл Жақыпбектің өлеңдер жинағын оқып жүр. Әншінің айтуынша, екі томдық бұл жинақты оған біреу сыйға тартқан.  

©Istar.kz

Әнші Айқын Төлепберген көздің көру қабілетін нашарлататындықтан, бес жылдан бері кітап оқымай кеткенін жасырмады. Бірақ әнші бұл олқылықтың орнын аудиокітаптар тыңдаумен толтырып жүр. Оның тыңдап біткен соңғы кітабы Ян Василийдің "Соңғы теңізге қарай" деп аталады.

 

©Tengrinews.kz

Жас әнші Серік Ибрагимов ғұлама Абайдың өлеңдерін әрдайым оқып жүретінін жеткізді. Сонымен қатар, ол Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа біледі. Айтуынша, қазіргі ақындардың ішінде Қалқаман Сариннің өлеңдерін сүйіп оқиды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети