18 қазан 2017 09:04

Жұлдыздардың бірі қалмай барған Төреғали Төреәлінің үйлену тойынан суреттер мен видеолар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде қазақстандық белгілі әнші Төреғали Төреәлінің үйлену тойынан суреттер мен видеолар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Желіде қазақстандық белгілі әнші Төреғали Төреәлінің үйлену тойынан суреттер мен видеолар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жалғасы

Үйлену тойы кеше, 17 қазанда Rixos Almaty қонақүйінде өтті. Әншінің таңдаған жарының есімі - Толқын. Дүркіреп өткен тойдан кейін жұп Дубайға бал айына аттанады. Үйлену тойына қазақстандық эстраданың көптеген өкілі келгенін айта кетейік.

Еске салайық, мұның алдында әншінің 17 қазанда үйлену тойын өткізетіні белгілі болған еді. "Сөзімде тұрдым деуге болады. Өйткені мен үйлену тойын жасаған кезде мұқым қазаққа жария қылып, айтамын деп уәде берген едім. Сол уәдеде тұру керек, жігіттің екі сөйлегені өлгені. Оған бәрі таңғалып жүр. Келіншегімнің өзі сөйтіп таңғалып жүр қазір. Мен өзі сөзінде тұрмайтын, тұрақсыз адамға ұқсамайтын сияқтымын негізі. Біздікі ниет, мұның бәрі Алланың қалауымен болады. Бұйыртып жатса, бізге ғана емес, бүкіл қазақ еліне келін болады деп ойлаймын", - деген еді әнші.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети