17 қараша 2016 12:23

"Жыл таңдауы" концертінде NINETY ONE тобы би билемей қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/assyl_bedelkhan © instagram.com/assyl_bedelkhan

Даулы Ninety One тобы "Жыл таңдауы" концертіне сырғасыз келіп, би билемей қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Даулы Ninety One тобы "Жыл таңдауы" концертіне сырғасыз келіп, би билемей қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы "Алматы Аренада" кеше, 16 қарашада өткен "Жыл таңдауы" жобасында Ninety One тобының өнері өзгеше болды. Олардың өнер көрсету сәті бүгін Youtube видеохостингінде пайда болды. Видеода топ мүшелері сахнаға шығып, "Қалай қарайсың" хитін орындайды. Бірақ көрерменін әдеттегідей биімен қуантпады. Роликте топтың мүшелері қара киім киіп, қаққан қазықтай бір орында тұрады. Олармен қатар сахнаға шыққан ақ жейделі бишілер де бисіз, қозғалмай тұрады. 

Ал осы кеште түсірілген тағы бір видеода жүргізушілер Ninety One тобының мүшелерімен сұхбаттасады. Осы кезде жүргізушілердің бірі Ләйла Сұлтанқызы топ мүшелерінен "сырға қайда, би қайда, бояу қайда" деп сұрайды. Осы кезде орындаушылар "Бәрі үйде" деп әзілмен жауап қатады. 

Топ мүшелерінің бұл әрекетін әлеуметтік желі қолданушылары түрліше түсіндіріп әлек. Бірі мұны қасақана жасалған наразылық дейді. "Хейтерлер, мə сендерге. Осы еді ғой сендерге керегі. Біздің қазақтың əншілерінің ШОУ жасағанын көріп пе едіңдер?! Шоуды тек Найнти уан жасайды", - деп базынасын айтады. Тағы бір тыңдарманның айтуынша, даулы топ бұл әрекетімен отандық эстраданың сахнада билемей, шоу жасамайтынын қайталап берген. "Бұл біздің эстрададағы деңгей: сахнада дым болмағандай тұрып, "фанераға" ән салу! Жарайсыңдар, жігіттер!", - дейді тыңдармандардың бірі.

Ал топтың продюсері Ерболат Беделханның жұбайы бұған қатысты Instagram желісінде пікір білдірді. "Үнсіздікті елемеу деп, салқынқандылықты әрекетсіздік деп, жақсылықты әлсіздік деп ойламау керек. Қымбатты EagleZ, хореография сіздерге ұнады ма? Жігіттерге бір орында тұру өте қиын болды", - деп жазды Асыл Беделхан.

Айта кетейік, осыған дейін NINETY ONE тобының концертіне Шымкентте, Қызылордада, Қарағандыда, Жезқазғанда кейбір тыңдармандар наразы болған. Осылайша, бұл қалаларда топтың концерті өтпей қалып, соңы дауға ұласқан еді. Алайда кейін белгілі әнші Сәкен Майғазиев NINETY ONE тобын қолдаудың тоғыз себебін атаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети