04 қыркүйек 2017 09:08

Қайрат Нұртаспен тойда билеген жұмбақ қыз қолданушылардың басын қатырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың өз інісінің тойында билеген видеосы Желіде хит болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Facebook желісіндегі Made In QaZ парақшасында жарияланды. 


Белгілі әнші Қайрат Нұртастың өз інісінің тойында билеген видеосы Желіде хит болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Facebook желісіндегі Made In QaZ парақшасында жарияланды. 

Айта кетейік, бұл видео орындаушының інісі Аянның үйлену тойында түсірілген. Видеодан той залында жастардың биін, оның ішінде ортаға шығып билеген Қайрат Нұртас пен белгісіз қыздың биін көруге болады.

Қолданушылардың бірі белгісіз қызды әншінің әйелі Жұлдыз Абдукаримоваға ұқсатты. "Әйелін шын сүйетіні әйеліне қараған көз қарасынан көруге болады! Бақытты болсын!", "Осылай жәймендеп көрсете бастайды әйелі мен отбасын!", "Жарық дүниге шықты-ау бір күйеуімен билеп. Молодец міне қазақтың ибалы, инабатты келіні" деп жазған кейбіреулер. Ал тағы бір қолданушылар оның басқа бір қыз екенін айтқан. Қайтсе де, басым көпшілігі қыздың өту сұлу екенін айтып, бақыт тілеп жатыр.


Жұлдыз Өмірғали

Айта кетейік, белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Абдукаримова есімді келінінің барын растаған болатын. Алайда, айтуынша, Желіге Қайраттың отбасының суреттерін жүктеп, келіншегінің атынан әртүрлі жазбалар қалдырып жүрген жан - Жұлдыздың өзі емес. Продюсердің пікірінше, жалған парақшаны Жұлдыздың өмірінен хабардар құрбыларының бірі ашқан болуы мүмкін.


Жұлдыз Өмірғали

Әнші болса жеке өмірі жайлы айтуды құп көрмейді. Қауесеттерге сенсек, мұндай әдіс маркетинг үшін қолданылған. Жұлдыздың өзі әлеуметтік желілерде Қайратпен "Арман" клипінің кастингінде танысқанын айтқан еді. Әншінің әйелі оны ешкімнен қызғанбайтынын және шығармашылығына құрметпен қарайтынын да мойындаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети