16 мамыр 2016 14:44

Қайрат Нұртастың жаңа фильмінде басты рольде оның әйелі ойнайды деген ақпаратқа әншінің директоры пікір айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Нұртас Қайрат Нұртас

Танымал әнші Қайрат Нұртастың директоры Лаура Сейітбек жаңа фильмде басты рольде орындаушының әйелі ойнайды деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал әнші Қайрат Нұртастың директоры Лаура Сейітбек жаңа фильмде басты рольде орындаушының әйелі ойнайды деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, осыған дейін отандық бірқатар ақпарат құралында Қайрат Нұртастың әйелінің әртістің жаңа фильмінде роль сомдайтыны жайлы хабар тараған еді. Тілшілер бұл мәліметті әнші Сиви Махмудиге сілтеме жасай отырып хабарлады. 

"Бұл тілшілердің қулығы арқылы шыққан қауесет. Сивидің фильм жайлы айта келіп "мүмкін" деген сөздерін тілшілер қасақана алып тастап отырған. Шын мәнінде қазіргі уақытта фильмнің сценарийі де дайын емес. Сценарийі болмаса онда кімнің қандай рольде ойнайтыны қайдан шықты? Біз Сивимен сөйлестік, мәселе шешілді", - деді әншінің директоры. 

Сонымен қатар, Лаура Сейітбек жаңа фильмнің түсірілім жұмыстарына дайындықтың басталып кеткенін айтты. Фильмнің режиссері Рашид Сүлейменов. Ал атқарушы продюсері - Лаура Сейітбек. Фильмнің бас продюсері "KN Production". Фильм жайлы толығырақ мәліметті әншінің директоры кейінірек беруге уәде берді.

Айта кетейік, 2013 жылы Қайрат Нұртастың өмірі жайлы "Өкініш" деп аталатын фильм түсірілген еді. Фильм бір апта ішінде 34 миллион теңге жинаған болатын. Лентаның 46 көшірмесі шықты, бұл отандық картиналардың ішінде рекорд болып есептеледі. Фильм бюджеті шамамен жарты миллион теңге.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети