17 сәуір 2015 15:19

"Қазақстан аруы" Регина Вандышева "Әлем аруы" байқауының фотосессиясына қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Владимир Прокопенко @Владимир Прокопенко

"Қазақстан аруы - 2014" жеңімпазы Регина Вандышева "Әлем аруы - 2015" фотосессиясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақстан аруы - 2014" жеңімпазы Регина Вандышева "Әлем аруы - 2015" фотосессиясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еліміздің бірінші сұлуын фотоға қазақстандық танымал фотограф Данил Олейник түсірді. Үш сағатқа сосылған фотосессияда Регина Вандышева Sherri Hill көйлегін киіп түсті. Бұл көйлек оған "Қазақстан аруы" жүлдесінен кейін сыйланған.

Қазір ол ең беделі сұлулық конкурстарының бірі "Әлем аруы - 2015" байқауына дайындалып жатыр. 22 жастағы Регина Алматыда дүниеге келген. Ол кәсіби спортшы. Қазір ол күн сайын спортзалда жаттығады, ағылшын курсына барады, еліміздегі беделді телеарналарға сұхбат береді, сонымен қатар, түрлі қоғамдық және мәдени шараларға қатысады.

Еске сала кетейік, "Қазақстан аруы-2014" байқауы 28 қарашада Алматыдағы Республика сарайында болды. Байқаудың жеңімпазы тікелей эфирде халықтың дауыс беруі арқылы анықталды. Сонымен қатар, жеңімпазға 1 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық табысталды. Конкурсқа Қазақстанның әр түкпірінен келген 33 қыз қатысты.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети