21 қазан 2015 14:42

Қазақстандық ару АҚШ-та танымал зергерлік компанияның ресми тұлғасына айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аселина Кучукова Аселина Кучукова

Қазақстандық модель Аселина Кучукова зергерлік танымал Jolie Jewelry компаниясының ресми тұлғасына айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық модель Аселина Кучукова зергерлік танымал Jolie Jewelry компаниясының ресми тұлғасына айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол сұхбатында 2008 жылы қазақстандық реалити-шоулардың бірінде жеңіске жеткеннен кейін Jolie Jewelry компаниясының оған 10 жылға Қазақстандағы ресми тұлғасы болуға ұсыныс жасағанын айтты. Осыдан кейін 2010 жылы Аселина Қазақстанның атынан "Әлем аруы" және "Дүниежүзі аруы" халықаралық байқауларына қатысты. Жүлде ретінде ол Нью-Йорк киноөнері академиясында (NYFA) білім алуға жолдама ұтып алды және ол оқуын үздік тәмамдады. Қыз Лос-Анджелесте Jolie Jewelry компаниясымен жұмысын жалғастырып, брендтің АҚШ-тағы ресми тұлғасы болды.

Айта кетейік, имидждік фото сессияны атақты фотограф Саша Самсонова (Sasha Samsonova) жасаған. Енді Аселинаның суреттері дүкендердің витриналарына сән беріп, зергерлік компанияның ресми сайтында да пайда болды.

 

Қазір Аселина Кучукова модель болып қызмет етеді, жарнама роликтері мен акцияларға түседі. "Мен қазір түрлі жобада жұмыс істеп, Hyundai Elantra, Budweiser, Heineken жарнамаларына, сонымен қатар, музыкалық бейнебаяндарға түсіп жүрмін", - деді қыз. Сонымен қатар, ол әлемге әйгілі Usher (Matrimony), Don Broco (Automatic), Taylor Swift (Wildest Dreams) пен Arash (Tekoon bede) сынды әншілердің бейнебаяндарының эпизодына түскен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети