06 сәуір 2015 16:56

Қазақстандық жұлдыздар балаларына есімді қалай таңдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Juldizdar.kz ©Juldizdar.kz

Қазақстандық жұлдыздар балаларына қандай есім қояды? Қазақ есімдерінің мағынасы терең әрі күрделі, бірақ тарихтағы айтулы оқиғалар мен түрлі жағдайларға байланысты да қойылатын ныспылар баршылық. Өзге тілдерден келген есімдер де қазақ эстрадасындағы жарқын жұлдыздардың көңілінен шығып жүр. Tengrinews.kz тілшісі өнер жолындағы атақты адамдардың балаларына қойған ең ерекше есімдерін тізіп, олардың мағынасын беруге тырысты.


Қазақстандық жұлдыздар балаларына қандай есім қояды? Қазақ есімдерінің мағынасы терең әрі күрделі, бірақ тарихтағы айтулы оқиғалар мен түрлі жағдайларға байланысты да қойылатын ныспылар баршылық. Өзге тілдерден келген есімдер де қазақ эстрадасындағы жарқын жұлдыздардың көңілінен шығып жүр. Tengrinews.kz тілшісі өнер жолындағы атақты адамдардың балаларына қойған ең ерекше есімдерін тізіп, олардың мағынасын беруге тырысты.

@Instagram/karakat_a

Әнші Қарақат Әбілдинаның төрт баласы бар: Бекболат - қазақтың төл есімі. "Бек" (ел билеуші) және "Болат" (ауыспалы мағынада - берік, мықты, төзімді) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Дүниеге келген нәрестеге "Ел билеген мықты азамат болсын, көш бастаған серке болсын" деген ниетпен қойылатын есім. Нұрәлі - араб тілінен аударғанда "нұр" - "жарық", "күн сәулесі" деген мағынаны береді. Ал "әли" - биік, үстем, ұлы деген мағынаға ие. Бұл есім баланың болашағы жарқын, өмірі сәттілікке толы болсын деген ниетпен қойылады. Иманәлі - арабтардың есімі. Ақын, журналист Құл-Керім Елеместің айтуынша, "Иманәлі" дініміздің сеніміне қойылған есімдерге жатады. Қарақат пен Қыдырәлінің кенжесіне берілген есім - Айсұлтан. Айсұлтан - "ай" және "сұлтан" сөздерінен жасалған есім, мағынасы - сәбиді айдай болсын және ортасында сұлтандай қадірлі болсын деген ниетпен қойылады. Айта кетейік, Қарақат пен Қыдырәлі кенжелерінің есімін үш ағасының таңдауымен қойған екен.

©Vk.com

Әнші Сәкен Майғазиев қызына Раяна деген есім қойды. Раян - "жұмаққа кіретін қақпа" деген мағына береді. Раяна есімін Сәкен Майғазиевтың анасы да қолдап, осылай атауды жөн көріпті.

©Juldizdar.kz

Майғазиевтің қызына қойған есімін отандық орындаушы Индира Расылхан да өз қызына қойған.

©Anyzadam.kz

Айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның баласының есімі - Беглан. Бұл ныспының түрлі мағынасы бар. Мәселен парсы тілінен шыққан есім, "үлкен", "алып" деген мағына береді деген мәлімет кездесті. Сонымен қатар, қазақтың Бағлан деген үндес атына жақындатсақ, тура мағынасында "ерте туып, жетілген қозы", ал ауыспалы мағынасы "жас" дегенді білдіреді. 

©Instagram.com/m_besbaev

Әнші, МузАрт тобының мүшесі Мейрамбек Бесбаев таяуда ғана дүниеге келген баласына Әбухайыр деген ныспы берді. Бұл есім араб тілінен тікелей аударғанда "әбу" - "әке" және "хайыр" - "қайырымдылық", "игілік", "бақытты" деген мағына. Бұл есім көбінде "жақсылықтың әкесі", яғни "жақсы", "қайырымды" деген терең мағынаға ие.

©Vk.com

"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов тұңғыш қызының есімін Айқаракөз деп өзі қойған. Бұл есімнің "Жігіттер" тобының орындауындағы "Айқаракөз" әнімен байланысы бар екен. Мұны әнші сұхбаттарының бірінде былай түсіндірген: "Ертең қызым өсіп, бой жеткен кезде: "Атың неге Айқаракөз?" деп сұрағандарға: "Әкем Айқаракөз деген әнді орындаған" деп айтып жүреді. Айналасындағыларға тыңдатады, мақтан тұтады..."

©Vk.com

Айқын Төлепберген тұңғышына Аңсар деген нағыз қазақы есімді берді. Қазақ халқында аңсап, армандап тапқан балаға осы ныспыны қоюды әдетке айналған. Аңсар есімі ислам дінінде "көмек көрсетуші", "қолдау білдіруші" деген мағынада айтылады. Аңыз бойынша Мединенің төл тұрғындары пайғамбар мен оның сахабалары қоныс аударып келгенде, ислам дінін қабылдап, оларға пана тауып берген деген әңгіме бар. Пайғамбар "Басқа адамдар бір жолмен жүрсе, аңсарлар келесі жолмен жүрсе, мен аңсарлардың соңынан барар едім" деген екен..

©Juldizdar.kz

Әнші, актриса, "Арнау" дуэтінің мүшесі Салтанат Бақаева тұңғыш ұлы дүниеге келгенде бір аптадай есім таңдай алмапты. Көптеген ұсынылған есімдердің ішінен лайықтысын таңдау үшін көп ойланыпты. Кейін сәбидің есімін атасы Әмір деп қойған екен. Әмір - араб тілінен аударғанда "ханзада" деген мағынаны береді.

©Pandaland.kz

Қазақстандық танымал жүргізуші Динара Сәтжан қызына Диана деген ат берген. Диана есімі - Рим мифологиясында "ай мен аңшылықтың құдайы" делінеді. Латын тілінен аударғанда "құдайлық" деген мағына береді. Диана есімін басқа ұлттар Дайана және Даяна деп те айтады. Ал тележүргізушінің тұңғыш ұлының есімі - Даниал. Бұл есім араб тілінен "құдайдың сыйы" деп аударылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети