22 тамыз 2014 18:33

Қазақстанға Ксения Собчак журналының франшизасы келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ксения Собчак. ©bimru.ru Ксения Собчак. ©bimru.ru

Қазақстанда жаңа басылым SNC Magazine Kazakhstan журналы шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ресейлік тележүргізуші Ксения Собчактың Instagram әлеуметтік желісіне сілтеме жасап. 


Қазақстанда жаңа басылым SNC Magazine Kazakhstan журналы шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ресейлік тележүргізуші Ксения Собчактың Instagram әлеуметтік желісіне сілтеме жасап. 

"Мен үшін қуанышты жағдай, Қазақстанда #sncmagazine журналы шығатынын қуана хабарлаймын. Бізбен әріптес, тамырлас жаңа журнал пайда болды.  Журналдың кыркүйек айындағы нөмірін дайындаған жаңа командаға алғысымды білдіремін. Мәдина (бұған дейін buro24/7-kazahstan-ды басқарған) және оның супер командасы, сіздер ең мықты мамансыздар. Ура!!!! Happy to anounce the launching of #sncmagazine in Kazahstan !!!!!", - деп жазған Собчак. 

SNC-style, news, comments басылымы үлкен қаладағы қыздар үшін сән журналы ретінде танымал. Бас редакторы - Ксения Собчак.

Қазақстандық журналдың бас редакторы Мәдина Аманованың айтуына қарағанда, журналдың алғашқы нөмірін дайындау барысында бүкіл ұжым Собчакпен кеңескен. Журнал ресми түрде 12 қыркүйекте шығады, ол шараға Ксения Собчак қатысады. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети